ҚТЖ-да 2023 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды

Жаңалықтар
25.01.2024, 11:44

"ҚТЖ" ҰК" АҚ - ның 2023 жылғы қызметінің қорытындылары және 2024 жылға арналған жоспарлар компанияның еншілес ұйымдары мен барлық өңірлік бөлімшелері өкілдерінің, Көлік министрлігі мен "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығының қатысуымен кеңейтілген кеңесте талқыланды.

Өндірістік көрсеткіштер өсімі оң қарқынының сақталуы атап өтілді. Пайдалану жүк айналымы 269 млрд. т-км-ге жетіп, өткен жылға қарағанда 7% өсті. Контейнерлердегі транзиттік тасымалдар 1 млн 28 мың ЖФЭ құраса, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 13,5% артық. Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 22% өсіп, 28 млн тоннаға жетті. Бұл елдер арасындағы теміржол байланысы ашылғаннан бергі максималды көрсеткіш.

2023 жылы соңғы жылдары жолды жөндеудің ауқымды көлемі орындалды. 1443 км теміржол төсемі сауықтырылды. Жыл бойы елдің сенімді халықаралық транзиттік хаб ретінде қалыптасуына жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Компания үшін ғана емес, республика үшін де ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру маңызды оқиғалар болды: Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз темір жол желілерін (Қытаймен үшінші шекара өткелінің ашылуымен) салу, Алматының айналасындағы айналма жол. Достық – Мойынты учаскесінде 300 шақырымнан астам екінші жол салынды. Сиань қаласының қытайлық құрғақ портында Қазақстанның жүк терминалы салынды.  

 

ҚТЖ Қазақстанның барлық өңірлерінде филиалдық желісі бар ірі ұлттық компания болып табылады. Қызметкерлер саны 116 мыңнан асады. 2023 жылы жалақы 20% - ға өсті. Бүгінгі таңда компанияның өндірістік персоналының орташа жалақысы республикалық деңгейден 26% асып түсті.  

2023 жылы қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. 228 ғимарат, 467 үй-жай және локомотив бригадаларының 37 демалыс үйі жөнделді. Желілік қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін 384 бірлік көлік сатып алынды.

ҚТЖ желісі бойынша жұмыс жүргізу үшін шалғайдағы станцияларға (душ кабиналары, тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ және т.б.) шығатын теміржолшылардың толыққанды демалуына қажетті барлық заттармен жабдықталған 132 модульдік ғимарат орнатылды. Ғимараттарға барлық қажетті инженерлік коммуникациялар қосылған. 2024 жылы 120 астам модульдік ғимарат орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, бүкіл ел бойынша тозығы жеткен құрылыстарды ауыстыру үшін теміржолдар бойындағы аралықтарда 1224 жылыту пункті орнатылды, онда теміржолшылар жұмыс кезінде жаңбыр мен желден паналай алады. Қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.  

Ұлттық компания қызметінің басым бағыты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала береді. Сондай-ақ, 2024 жылдың негізгі міндеттерінің бірі – тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті дамыту, цифрландыру бағдарламаларын іске асыру, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту.

Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді