Ақтау портында мұнай өнімдерінің төгілуін жою бойынша ауқымды жаттығу өтті

Жаңалықтар
29.05.2024, 11:02

 Ақтау сауда теңіз портының порт акваториясында мұнайдың төгілуін оқшаулау және жою, сонымен қатар "Алматы" кемесінде өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу қорытындысы шығарылды. Іс-шараға 100-ден астам адам жұмылдырылып, 20-ға жуық арнайы техника пайдаланылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оқу-жаттығуға "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ, "Қазақтеңізкөлікфлоты "ҰТКҚК" ЖШС, Маңғыстау облысы әкімдігі мен ТЖД өкілдері қатысты.  

Оқу - жаттығудың сценарийі бойынша теңіз портында мұнай құю айлағының зәкірінде тұрған "Алматы" танкерінде шикі мұнайды тиеу кезінде жағалау және кеме құбырларын жалғауға арналған стендерқұрылғы жарылды. Нәтижесінде алдымен кеменің палубасына, содан кейін порт акваториясына шартты түрде мұнай төгілді. Кемеде дабыл жарияланды.

Танкер капитаны болған жағдай туралы тиісті порт құрылымдарына хабарлады. Жағалаудағы жүк сорғылары тоқтатылды. Сонымен қатар, жүрдек қайық барлау жүргізіп, ластану аймағын бағалады, ол 250 шаршы метрге жетті.  Сценарий бойынша "мұнай дақтары" порт акваториясынан  шығып, жағалау аймағының ауқымды ластануына қауіп төндірді деп болжанды.  

Портта жедел штаб жұмыс істей бастады және тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін бірыңғай радиобайланыс арнасы орнатылды. Сигнал бойынша төгілуді жою үшін порттың, кеменің авариялық-құтқару құралымының күштері және Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері тартылды.  

Порт акваториясындағы мұнайдың төгілуі мұнай өнімдері мен суда ерімейтін ластаушы заттардың су бетіне таралуын тоқтату міндеті тұрған бондық қалқымалы тосқауылдардың көмегімен оқшауланды. Ұзындығы 240 метрлік қоршау кеменің алдыңғы бөлігінен артқы бөлігіне дейін орнатылды. Сонымен бірге акваторияның солтүстік бөлігінде ұзындығы 500 метр болатын бондық бөгеттер портқа кіретін қақпаны жауып тастайды. Осылайша, теңіздегі зардап шеккен аймақ тығыз қоршауда қалды.  Кемеде мұнай жинауды заманауи мұнай жинау жүйелері жүргізді. Су бетінен мұнай-су қоспасын "Бұлақ" кемесі жинады. Палубада мұнай құю локализацияланған, содан кейін ол сорғы цистернасына айдалды. Ал палуба сіңіргіш материалмен тазаланды.  

Сонымен қатар, кеменің артқы бөлігінде түтін анықталды. Ықтимал өртті сөндіру үшін өрт шлангілері орналастырылып, "Батыр" буксирі тартылды. Өрт сөндіру кезінде теңізші борттың сыртында қалды. Жәбірленушіге құтқару шеңбері лақтырылып,  көмекке қайық жіберілді.  

Белгіленген уақытта шартты апаттық жағдай жойылды. "Оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толық көлемде орындалды. Персонал мен жабдықтың штаттан тыс ықтимал жағдайларды жоюға дайындығы расталды. Мұнай өнімдерінің төгілуін жою кезінде бірлескен іс-қимылдар пысықталып, авариялық - құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығы тексерілді", - деген Ақтау теңіз портының басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев оқу-жаттығуды қорытындылады.  

Жаттығу барысында тартылған күштер іс-әрекеттің кәсібилігі мен үйлесімділігін көрсетті.  

Жаттығу іс-шарасы "Самұрық-Қазына"АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өтті.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды