“ҚТЖ” ҰК” АҚ филиалы - “Магистральдық желі дирекциясы” қызметкерлерге арналған "ЦЖС – Көмек" Telegram-ботын іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бот Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясымен бірлесіп әзірленді.  

Арнадан санаторлық-курорттық сауықтыру, емдеу рәсімдерінің атауы, квоталардың болуы туралы өзекті ақпаратты табуға және жолдаманы ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімін алуға болады. Сонымен қатар, чат-бот қызметкерлерге жетекшілік ететін HR маманымен жедел байланысуға және қанағаттану сауалнамасынан өтуге мүмкіндік береді. - Бұл заманауи шешім біздің қызметкерлермен ақпаратқа қол жеткізудің жылдам әрі ыңғайлы тәсілін ұсына отырып, олардың өзара іс-қимылын жақсартуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз, - деп атап өтті Магистральдық желі дирекциясы адам ресурстарын басқару департаментінің бас менеджері Қырмызы Махамеджанова.  

Бот https://t.me/Ktzh_telegram_bot.  сілтемесі арқылы қол жетімді.