Қазақстанның 110 мыңнан астам теміржолшысы кәсіби мерекелерін атап өтуде

Жаңалықтар
02.08.2024, 11:15
Оқуға 2 мин

Жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде “Қазақстан темір жолы” компаниясының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бүгінде мұнда 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Дәстүр бойынша мереке қарсаңында теміржолшылар жұмысты қорытындылап, басты жетістіктерін атап көрсетеді.  

Соңғы үш жылда компания өзінің өндірістік және қаржылық қызметінде ең жоғары тарихи жетістіктеріне қол жеткізді:  

- пайдалану жүк айналымы: 270 миллиард тонна-километр;  

- транзит: 27,4 миллион тонна;  

- ҚХР-мен тасымалдау көлемі: 28 миллион тонна;  

- 255 локомотив сатып алынды, 4 жыл ішінде шамамен 500 бірлік сатып алынады;  

- 150 жолаушылар вагоны сатып алынды, 2030 жылға дейін 700 жуық вагон жеткізілетін болады;  

- темір жол төсемін жыл сайын жөндеу көлемі 2 есеге ұлғайды (1400 км);

- компанияның кірісі 2021 жылы 1,3 трлн теңгеден 2023 жылы 2 трлн теңгеге дейін өсті;  

- 2023 жылғы пайда 134 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдан 4 есе көп; бұл Компанияның соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіші;  

- компания қызметкерлерінің жалақысы 2020 жылғы деңгейге қарағанда 2 еседен астам өсті.    

Ел басшылығының елдің көлік-транзиттік әлеуетін ұлғайту жөніндегі міндеттері ойдағыдай орындалуда:    

– Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз, Жетіген-Қазыбек бек темір жол желілерін салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Достық-Мойынты екінші жолы бойынша қозғалыс 2024 жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда;  

– Қытайдың Сиань құрғақ портында Қазақстанның жүк терминалы салынды; терминалды пайдалана отырып, Орталық Азия, Ресей, Закавказье және Еуропа бағыттарында жеделдетілген контейнерлік сервис ұйымдастырылды;  

– Селятино станциясында (Мәскеу облысы, РФ) CRK Termina жаңа көлік-логистикалық орталығы салынуда;  

- әлемдік ірі компаниялармен (Huawei, Wabtec, PSA) бірлесіп теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық жобалар іске асырылуда.    

Қазақстанның жаһандық жүк ағындарының пайда болуы мен тұтыну нүктелерінде болуы, темір жол әкімшіліктерімен және ірі шетелдік компаниялармен өзара іс-қимыл жасауы, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу есебінен тасымалдар географиясы кеңейіп, жаңа маршруттар ашылып, логистикалық тізбектер жақсаруда. Бұл экономиканың өсуіне және Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы көлік-логистикалық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат