Қазпошта темір жол билеттерін сатуды қайта бастады

Жаңалықтар
08.08.2024, 19:04
Оқуға 2 мин
Фото: АО «Казпочта»

«Қазпошта» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол билеттерін сату және қайтару бойынша қызметтің қайта жанданғаны туралы хабарлайды. Енді клиенттер пойызға билеттерді сатып алып, бағыттарды таңдау бойынша тікелей «Қазпошта» бөлімшелерінен консультация ала алады.

Бұл бастама интернетке қолжетімділік шектелуі мүмкін шалғай өңірлердің тұрғындары үшін де маңызды. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова: «Шалғай аудандардың тұрғындары билеттерді онлайн сатып алуды әрдайым пайдалана алмайды және олардың тарапынан бұл қызмет сұранысқа ие. Билеттер Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы кассаларда және «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайтында сатылады.

Теміржол билеттерін сату және қайтару бойынша қызмет ел бойынша «Қазпошта» АҚ-ның 2000-нан астам бөлімшелерінде қолжетімді. Клиенттер өздеріне ыңғайлы күндер мен бағыттарға билеттерді оңай және тез сатып ала алады, ал қажет болған жағдайда билеттерді қайтара алады.

​Бұған қоса «Қазпошта» АҚ жақын арада QazPost App мобильді қосымшасы арқылы теміржол билеттерін сату және қайтару бойынша жаңа онлайн-сервисті іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа сервис интуитивті және ыңғайлы болмақ, бұл клиенттерге қажетті билеттерді тез табуға және оңтайлы бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді. Қосымша пойыздардың кестесін, билеттердің болуы туралы ақпаратты, олардың құнын және ерте брондау мүмкіндігін қамтитын болады.

«Қазпошта» АҚ сервисті жақсарту және өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін жұмыс істеуді жалғастыруда. Компания бөлімшелер арқылы темір жол билеттерін сатуды жандандыру және жаңа онлайн-сервисті іске қосу көптеген клиенттерге айтарлықтай жеңілдіктер мен ыңғайлы болатынына сенімді.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды