Достық - Мойынты теміржол учаскесіндегі екінші жолдың 70%-ға дайын (Фото)

Жаңалықтар
11.10.2024, 10:18
Оқуға 1 мин

Достықтан Мойынты станциясына дейінгі 836 шақырымдық учаскеде екінші жолдың 608 шақырымы салынды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Жаңа рельсті-шпал торлары 26 аралықта және 14 бөлек пунктте төселді. 140 бағыттамалы бұрма орнатылды. 9 аралықта екінші жолдардың жер төсемін төгу жалғасуда. Жалпы, үйінді салу жұмыстары 95% орындалды.  

Механизаторлармен бір мезгілде көпір салушылар да жұмыс істеуде. 92 көпірдің 91-і салынуда. 72 көпірге тіректер орнатылып, 62-сінде аралық құрылыстар аяқталды. Су өткізгіш құбырлар орнатылып жатыр.  

Жоғары вольтты желілерді қайта құру және салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ байланыс, белгі беру, орталықтандыру және бұғаттау (БОБ) объектілері салынуда. Жобаны іске асыру шеңберінде шамамен 1700 км БОБ кабелі салынатын болады. Учаскеде пойыздар қозғалысын қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ететін микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі қарастырылған. БОБ жабдықтары мен құрылғыларын бөлек пункттер мен аралықтарға орналастыру үшін блоктық-модульдік ғимараттар орнатылуда.    

Достықтан Мойынтыға дейінгі екінші жолдардың  есебінен учаскенің өткізу қабілеті 5 есеге артатын құрылыстың аяқталуы 2025 жылға көзделген. Алайда, "ҚТЖ" ҰК" АҚ ірі жобаларын іске асыру дирекциясы атап өткендей, жекелеген бөліктерде ағымдағы жылдың өзінде-ақ екінші жол бойынша пойыздардың уақытша жұмыс қозғалысын ашу жоспарлануда.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды