Ұлы дала тарихы сыр шертеді

Жаңалықтар
13.12.2024, 09:23
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚТЖ-ның бас ғимаратында «Ұлы дала тарихының жазбаша мұралары» атты көрме ұйымдастырылды.

«Қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар» ұлттық орталығы бөлімінің бас сарапшысы Бақытжан Омарованың айтуынша, Түрік қағанаты, Қараханидтер мемлекеті, Алтын орда және Қазақ хандығы деп аталған төрт бөліктен тұратын көрмеге 20 жазба қойылған.  

– Жұмыс жоспарына сәйкес біз әр ай сайын әртүрлі мекемелерге көшпелі көрме өткіземіз. Бүгін міне бір күндік көрмені Қазақстан темір жолының тапсырысымен әкеліп отырмыз. Мұнда қазақтың сонау Түрік қағанаты кезеңінен бастап кешегі төте жазуға дейінгі мағлұматтар алуға болады. Сонымен қатар кезінде басылып шыққан 76 мм шағын кітаптардың да түпнұсқаларын көруге болады. Кезінде А.Байтұрсынов араб әліппесіне реформа жасап, керек емес әріптерді алып тастады. Өзіміздің тіліміздің ерекшелігіне қарай 9 қазақша әріпті енгізді. Сонымен бізде төте жазу пайда болды. Қазіргі таңда Қытай, Иран, т.б. елдердегі қазақтар әлі де осы төте жазумен оқиды. Көрмеде елімізде пайдаланылған осы жазу тарихымыз туралы ақпараттар, ескі жазбалар қойылған. ҚТЖ басшылығы қолдау білдіргеніне алғыс айтамыз. Орталығымыздың тарихшылары, ғылыми бөлімнен жалпы 4 адам көрмеге қатысып, теміржолшыларға жазу мәдениетіміз туралы тың мәліметтер беруде. Өзіміз Ұлттық мұрағат ғимаратында отырамыз, тереңірек білгісі келетіндерді сонда күтеміз, – дейді бас сарапшы.  

Тарихымызды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрме тағы да жалғасын таппақ.  

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті