ҚТЖ-да өткен "Сенімді тұлға"форумына 200-ден астам адам қатысты

Жаңалықтар
13.03.2025, 11:20
Оқуға 2 мин

ҚТЖ-ның “Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы"  филиалында жұмысшы кәсіптер жылы аясында 200 жуық қатысушыны, оның ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 60 студентті, 26 бейінді орта оқу орындарының 45 оқытушысы мен басшысын, сондай-ақ Білім министрлігінің, Көлік министрлігінің өкілдерін жинаған "Сенімді түлек" форумы өтті. Сарапшылар білім беру сапасы мен түлектерді Қазақстанның теміржол саласына жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Атап өтілгендей, еңбек нарығының қазіргі трансформациясы жағдайында теміржол саласына жас білікті кадрлар ағыны қажет. Осыған байланысты саланың жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

ҚТЖ оқу орталығына экскурсия барысында студенттер мен педагогтар компанияның зертханалық сабақтардан бастап нақты теміржол нысандарында тағылымдамадан өтуге дейінгі әртүрлі элементтерді енгізу арқылы практикаға үлкен мән беретініне көз жеткізді. Орталықта ТЭ33А тепловозы мен KZ8A электровозының бірегей тренажерлері, VR технологиялары бар 3D зертханасы, оқу полигоны бар. Заманауи тренажерлер мен симуляторлар оқу процесін нақты жұмыс жағдайларына барынша жақындатады, дағдыларды автоматты түрде атқаруға дейін жетілдіруге және стандартты емес жағдайларға дайын болуға мүмкіндік береді.  

Колледж басшыларына компания тиісті сертификаттар ала отырып, ҚТЖ Оқу орталығының қабырғасында студенттерді практикалық оқыту бойынша қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы ҚТЖ хабарламасы ұнады.

Теміржолшылар студенттерде заманауи жылжымалы құрамда жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тренажерларда практикалық сабақтарды пысықтай отырып оқыту бағдарламасын әзірледі.  

Сондай-ақ, іс-шара аясында ҚТЖ Оқу орталығы мен Ақтөбе көлік, коммуникация, жаңа технологиялар колледжі, сондай-ақ Қарағанды теміржол колледжі арасында теміржол саласы үшін кадрлар даярлаудағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл