Ерлік емей, немене?! 

Жаңалықтар
13.07.2016, 16:20
Қазалы вагон пайдалану депосының Шиелі станциясындағы техникалық қызмет көрсету қосынының вагон қараушысы Мақсұт Сарибаев өткен жылдың тамыз айының 15 күні №41 «АлматыАтырау» бағытындағы жолаушылар пойызы вагонынан қауіпті ақау тапты. Пойыз құрамындағы 18-вагонының буксы торабында ТРКП типті жетекші шкив бекітпесінің шашылып бұзылғанын сырттай бақылау арқылы бірден анықтап, қауіпті апаттың алдын алған вагон қараушынының бұл қырағылығын  ерлікке теңеуіміздің себебі  күндіздің өзінде ажырату қиын ақауды жеті қараңғы түнде анықтауы еді. Вагон шаруашылығының «қыр-сырын» әбден меңгерген тәжірибелі вагоншы Мақсұт вагон доңғалағының ремені босаңқырап, «енжар» дөңгеленіп келе жатқанын пойыз станцияға келіп тоқтаған соң сыртқы белгілеріне қарап анықтаған. Доңғалақ ременіне аяғын салып басқанда оның әдеттегіден бос екеніне көз жеткізген де аға вагон қараушы мен Шиелі ТҚКҚ басшысы Дастан Төлегеновке, ауысымның аға вагон қараушысы Мейрамбек Ержановқа және де тиісті орындарға хабарлаған екен. Вагон ақауын тексерушілер вагон доңғалағының тісті бөлшек бекітпесінің М12х75-тік екі болты сынып, М110 арнайы бұрандасының бұрама тіні желініп, ТРКП типті жетекші шкив бекітпесі шашылып кеткеніне көз жеткізеді. №41-ші пойыздың ақаулы вагоны бұған дейін  Сауран, Талап, Жаңақорған, Төменарық секілді станциялардағы жылжымалы құраманың техникалық күйін пойыздардың жүрісі кезінде автоматты бақылау құралдарынан ескертусіз жүріп өткен, бекеттердегі КТСМ-02 құрылғыларында «Дабыл-0», «Дабыл-1», «Дабыл-2» белгісі тіркелмеген көрінеді. Ақаулы вагон Минск вагон жөндеу депосында деполық жөндеуден өткен жылы өткен екен. Жолаушылар пойызының қозғалысқа жарамсыз доңғалағы Шиелі ТҚКҚ технологиялық картасына сәйкес 52 минутта ауыстырылуы қарастырылған және Шиелі ТҚКҚ-ның ағымдық жөндеу тұйығында штаттық кестеге сәйкес түнгі уақытта 30 минут қосымша қосылады екен. Ал ақау табылған №41 пойыздың 18-вагонының доңғалағы бас-аяғы 45 минутта ауыстырылып жөндеуден шыққанын білдіретін ВУ-36  нысаны, тежегіштің сынақтан өтуін айғақтайтын ВУ-45  секілді қажетті нысандық анықтамалар алынып, вагон қозғалысқа жарамды халге келтіріліп, жылжымалы құрамға 45 минутта қайта тіркеліп, жылжымалы құрам қозғалысқа жөнелтіледі.  Қазалы вагон пайдалану депосында он жылдан астам еңбек етіп келе жатқан қырағы вагон қараушы Мақсұт Сарибаев пен шиелілік техникалық қосын еңбеккерлерінің сол кезде ескерусіз калған бұл еңбегі шынында ерлік емей, немене?!

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды