ҚТЖ графистері мерейтойын атап өтуде

Жаңалықтар
17.03.2025, 10:38
Оқуға 3 мин
Фото Александра Жабчука

"ҚТЖ" ҰК" АҚ — "Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы" филиалының қозғалыс кестелері мен пойыздарды қалыптастыру жоспарларын әзірлеу департаментінің мамандары қос мерейтойды:  құрылым негізі қаланғанына 20 жыл және Департаменттің өзі құрылған сәттен бастап 10 жыл болуын (бұрын — тасымалдау процесін модельдеу департаменті) атап өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Департаментте теміржолда 5 жылдан 40 жылға дейін жұмыс тәжірибесі бар 40 жоғары білікті маман жұмыс істейді. 2015 жылы құрылым тасымалдау процесін интеграцияланған жоспарлауды енгізу үшін кеңейтілді, бұл жұмыс технологиясын жетілдіруге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, департамент жыл сайынғы тасымалдауды жоспарлаудан ай сайынғы және онкүндік есептеулерге көшті. Бұл жаңалық көлік жүйесіндегі өзгерістерге жедел әрекет етуге және жоспарлаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.  

- Департаментті елордаға ауыстыру жұмысты ұйымдастыруды едәуір жақсартты және тиімді құрылымды құруға мүмкіндік берді. Бұл сондай-ақ өзара іс-қимылды жақсартуға және жұмыс сапасын арттыруға ықпал етті, - деп атап өтті департаменттің бұрынғы директоры, ҚТЖ басқарма төрағасының кеңесшісі, Құрметті теміржолшы Гүлнар Таласпаева.  

Департаменттің негізгі міндеті — бюджетті қалыптастыру және теміржол көлігінің жұмысын ұйымдастыру үшін негіз болатын пойыздар қозғалысының жылдық нормативтік кестесін құру. Бұл кесте тұрақты емес: ол жолаушылар тасымалы қажеттіліктерінің өзгеруіне, магистральда жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін технологиялық "толаскезді" ұсынуға және басқа факторларға байланысты үнемі түзетіліп отырады.  

Күн сайын департамент пойыз диспетчерлеріне олардың жұмысына көмектесетін өзгермелі кесте әзірлейді. Бұл кесте барлық жайттарды: жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған күнделікті "толаскезді", жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы, сондай-ақ жол жөнделетін учаскеде пойызды өткізіп жіберудің мүмкін нұсқаларын ескереді.  

Департамент жұмысының маңызды бағыты пойыздарды қалыптастыру жоспары болып табылады. Бұл процесс вагон ағынының бағытын анықтауды және жүк тиелген вагондарға арналған маршруттарды жоспарлауды қамтиды. Департамент әр вагон қандай маршруттар бойынша жүруі керек, ол қандай мемлекетаралық түйіспеден өтуі тиіс және құрам қалай құрылатынын дәл есептейді. Бұл ретте пойыздардың әртүрлі санаттары — учаскелік және контейнерлік санаттар ескерілетіні маңызды, бұл тасымалдарды тиімдірек ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Департамент жұмысының орталық аспектілерінің бірі - пойыздардың жүру кестесін құруға негіз болатын тарту есептеулері. Бұл есептеулерде жол профилі, локомотивтер мен вагондар сипаттамалары сияқты параметрлер ескеріледі. Бұл деректер графистерге барлық техникалық ерекшеліктерді ескере отырып, дәл және сауатты графиктер жасауға көмектеседі.  

 Бас менеджер, құрметті теміржолшы Сәуле Қалтаева Департаментте жұмыс істеу үшін арнайы дайындық қажет екенін және ең негіздерінен — станцияда және пойыз диспетчері болып жұмыс істеуден бастау керектігін атап өтті. Графиканы әзірлеудің негізінде жатқан нормативтік деректерді жақсы түсіну маңызды. Департамент мамандары дәл және сапалы жұмыс істеу үшін қажетті бірегей білім мен дағдыларға ие.

"Болжау — графисттің өнері", — деп атап өтті Сәуле Қалтаева. Бұл мәселеде қателесу мүмкін емес, өйткені теміржол жұмысының тиімділігі ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігі де кестенің дәлдігіне байланысты. Сапалы кесте құру үшін барлық инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді ескеріп, болашақты дәл болжау қажет.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды