Теміржолшылар өткелдерде профилактикалық жұмысты күшейтті

Жаңалықтар
29.05.2025, 14:58

2025 жылдың төрт айында теміржол өткелдерінде 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% көп. Әсіресе алаңдатарлық жағдай оңтүстік өңірлерде байқалады -оқиғалар саны 4-тен 5-ке дейін өсті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оқиғалардың негізгі себебі — көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзуы.  

Өткелдердегі қауіпсіздікті арттыру және ЖКО алдын алу мақсатында теміржолшылар полициямен бірлесіп 565 профилактикалық рейд жүргізді. Іс-шаралар барысында теміржол өткелдерін кесіп өту ережелерін 59 бұзу жағдайы анықталды.  

Жүргізушілерді ақпараттандыруға ерекше назар аударылуда: жыл басынан бері 30 749 автокөлік жүргізушісі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерімен танысты. Профилактикалық жұмыс сонымен қатар 274 автокөлік кәсіпорнын қамтыды, онда 6501 қызметкерге нұсқау берілді.  

Теміржол өткелдерінде көріну жағдайларын жақсарту үшін 25 учаскеде жұмыстар жүргізілді. Бұған қоса, 145 ақпараттық плакаттар мен ұрандар орналастырылған, олар жол ережелерін сақтауға және темір жолдарды кесіп өту кезінде мұқият болуға шақырады.

ҚТЖ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелінің қауіптілігі жоғары аймақ екенін есте сақтауға шақырады. Ереже бұзудың әрбір жағдайы өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

 

Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды