Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Rail-news.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Италиядағы Мұнай өнеркәсібі оқу орталығын бітірген. Мамандығы – экономист, мұнай әкімшілігі магистрі.

Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы ретінде бастап, 1997 жылға дейін сол жерде жұмыс істеген.

1997–1998 жылдары – ҚР Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.

1998–2000 жылдары – «Қазақстан темір жолы» РМК департаментінің директоры.

2000–2002 жылдары – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ-ын қайта жаңғырту жобасын басқару тобының жетекшісі, бірінші вице-президент, бас менеджер, «Қазахойл» ЖАҚ.

2002–2004 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ-тың инженерлік және сервистік жобалар департаментінің директоры.

2004–2007 жылдары – «ТеңізСервис» ЖШС-нің бас директоры.

2007–2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры.

2010–2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі, басқарушы директор.

2011–2014 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2014–2016 жылдары – Қорғаныс министрінің орынбасары.

2016–2017 жылдары – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің жетекшісі.

2017–2018 жылдары – Шымкент қаласының әкімі.

2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісі.

2021 жылдың сәуір айынан бастап – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.