ҚТЖ машинистері теміржол өткелдерінде ондаған ЖКО-ның алдын алды

Жаңалықтар
15.07.2025, 09:45
Оқуға 1 мин

2025 жылдың басынан бастап ҚТЖ машинистері теміржол өткелдерінде 32 ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Олардың кәсібилігі, жеделдігі мен жоғары жауапкершілігінің арқасында жолаушылардың зардап шегуіне, сондай-ақ жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның зақымдануына жол берілмеді.

Барлық оқиғада жол ережесін автокөлік жүргізушілері бұзды: жақындап келе жатқан пойыздың алдынан жолға шығып, көлікті өткелде тастап, оқиға орнынан кетіп қалды. Соның бәрінде машинистер оқыс тежеу беріп, соқтығысудың алдын алды.  Мұның бәрі пойыздардың жүру кестесіне әсер етті.

Әрбір оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

ҚТЖ еске салады: теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау қауіпсіздіктің міндетті шарты болып табылады. Жүргізушілердің жауапсыз әрекеті көлік процесінің барлық қатысушыларына үлкен қауіп төндіреді.

Компания уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды күшейте отырып және халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, өткелдердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Темір жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ҚТЖ қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды