ҚТЖ Қытайда бірқатар құжаттарға қол қойылды

Жаңалықтар
19.11.2025, 21:16

Сиань қаласында (ҚХР) «Қытай – Еуропа» жобасы бойынша халықаралық ынтымақтастықтың екінші форумына қатысу шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы халықаралық әріптестікті дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қол қойылған келісімдер Қытай-Еуропа бағытын дамытуды, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТХКБ) ілгерілетуді, сондай – ақ жетекші қытай логистикалық операторларымен бірлескен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, көліктік-логистикалық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын қамтиды. 

Олардың ішінде – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – KTZ Express және YXE Trading Service Group арасындағы ынтымақтастықты стратегиялық тереңдету туралы меморандум.

Құжат бірлескен логистикалық сервистерді дамытуға, Қытай – Еуропа бағытының тиімділігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТХКБ) ілгерілетуге бағытталған.

Меморандумға қол қою тараптардың практикалық өзара іс-қимылын күшейтеді және Азия мен Еуропа арасында бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық тізбектерді қалыптастыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Сол жерде «Транскаспий халықаралық көлік бағдарын жоғары сапалы бірлесіп дамыту туралы бастамаға» қол қойылды. Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «АТЖ» ЖАҚ, «ГТЖ» АҚ, CRCT, ТХКБ және Сиань халықаралық порт-тобы қол қойды. Бастама цифрландыру, жоғары тиімділік, орнықтылық, қауіпсіздік және тұрақтылық маршрут бойындағы елдер мен өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету сияқты қағидаттарға бағдарлана отырып, транскаспий бағыты бойынша Қытай – Еуропа теміржол контейнерлік экспресстерінің жоғары сапалы жұмыс істеуіне жәрдемдесуге бағытталған.

Сонымен қатар, форум алаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен China Development Bank арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға» және «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен The Export-Import Bank of China арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойылды.

Осы бастамалардың барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілуде. Бұл құжаттар көлік жүйелерін тиімді интеграциялау, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру және еуразиялық логистиканың негізгі буыны ретіндегі ұстанымын нығайту үшін жаңа көкжиектер ашады. 

Форум шеңберінде келісімдерге қол қою ҚТЖ-ның өсіп келе жатқан халықаралық беделінің және компанияның жаһандық әріптестермен байланыстарды нығайтуға ұмтылысының кезекті растауы болды.

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты