Астаналық парк: жеті күндік «толаскез» басталды

Жаңалықтар
22.07.2016, 12:49

1IMG1122

Астана станциясының жетінші жолында соңғы 20 жыл ішінде алғаш рет шпалдар мен қиыршық тас қабаты жаңартылмақ. Соған орай дөңесалды паркте 20 шілде күні басталған ұзындығы бір шақырымдық жолды  жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоспарлы жөндеуге темір жолдағы өте ауқымды жетікүндік «толаскез» беріліп отыр.  Дөңесалды паркі – темір жолдағы өте маңызды нысандардың бірі. Дәл осында жүк құрамдары құрылымдалып, сол жерден сапарға аттанады. Сондықтан басқа-басқа бұл парк жолдарын жөндеудің маңызы зор. Ол тікелей жүк тасымалына,  жүк жөнелтілушілер пайдасына қызмет етеді. Жақсартылған телімдерде жылдамдық та жоғары,  жүріс ырғағы жайлы және пойыздар қозғалысы да қауіпсіз болмақ. Жұмыстарын мерзімінде аяқтап, жөндеуді сапалы жүргізу және жүк пойыздарының қозғалысын кешіктірмес үшін теміржолшылар, кестеге сай «толаскез» басталмас бұрын, телімге алдын ала қиыршық тас пен шпалдар әкеліп қойған. Ауқымды іске Астана станциясының жолшылары мен Шу және Қырқыншы станциясының машиналандырылған жол дистанцияларының техникалары  жұмылдырылған. Мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық  техника іске қосылған. Негізінен олар шетелден әкелінген, осыған дейін де соңғы онджылдықта Қазақстан темір жолдарында тұрақты пайдаланылып келе жатқан, өзінің өнімді де тыңғылықты жұмысымен танылған  австриялық және француыздық жол техникалары болып табылады.  Дөңесалды паркінің жетінші жолында соңғы рет жөндеу 90-шы жылдары жүргізілген екен. Оның өзінде жолдың үстіңгі қабат материалдарын бір орыннан екінші орынға ауыстырып салынған. көрінеді. Шпалдар тіпті сонау 70-ші жылдардан бері ауыстырылмаған екен. Міне, қырық жылдан астам игілікті қызмет жасап келген осы «көненің көзі»  шпалдарды да ішінара ауыстыруға шешім қабылданыпты. Дәл сол мақсатта француздар шпалдарды ішінара ауыстыру тәсілін ойлап тауып, жетілдірді. Бұл операция жолдың тек бүлінген шпалдары бар телімінде ғана жүзеге асырылады. Осы мақсатта Франциялық  Жейсмар(Geismar) фирмасының техникасы машинасы ойлап шығарылған. Дәл осы техника Қазақстанда ШУ ПЧМ базасында бар. Міне, бүгін жеті күндік «толаскездің» екінші күні осы машина іске қосылды. Жолшылардың жоспарлауынша, жаңарту операциялары жыл сайын жасалады. Бірнеше жылда барлық шпалдар осылайша ауыстырылып болады. Жейсмар бірнеше машиналардан құралған. Әрқайсысы компьютер командасы бойынша өз қызметін атқарады. Бірі сомынын бұраса, екіншісі жер төсемдерін қопсытады, үшіншісі шпалдарды суырып шығарады, төртіншісі соның орнына жаңа шпалдар қояды. –Ескі шпалдарды жұмыс мөлшері аз кіреберіс жолдарға жөнелтеміз, ол онда әлі 20-25 жыл жатады. Ал жаңа қиыршық тастар жақын жердегі Вишневка станциясының қиыршықтас зауытынан жеткізілуде, - деп түсіндірді жұмыс процесін бақылап тұрған  УПЧ-17 колоннасының бастығы Николай Забара, – Ауыстыруға  бұрын 10 жылдай Сарыоба – Қырқыншы станциялары аралығында пайдаланылған 920 ескі темірбетон шпалдар жатады. Колонна бастығының  түсіндіруінше, қиыршық тас қабатын тазалауға қиыршықтас – тазалау машиналарының екі түрі пайдаланылады. Біріншісі электр магниттер көмегімен жолды көтерсе, екіншісі жолдардың шеттеріндегі ескі қиыршық тас қабатын сиырып отырады, қиыршық тасты арнайы жинағышқа(ЦЗ) тиейді. Жолдар арасындағы төбелерді кесуге МКТ кюветті траншеялық машиналар қолданылады. Шпалдар ауыстырылып, қиыршық тас төселген соң ДГС ПБР Дуомат машинасы жүріп өтеді. Ол жолдарды тегістеп, орнықтырады және қиыршық тас балластына кескін береді.  – Шпалдарды ауыстырамыз, қиыршықтасты төсейміз, жолды көтеріп, туралап, түзейміз де сосын тапсырамыз, -– Осы «толаскезден» кейін бірден  келесі алтыншы жолды жөндеу үшін де тағы жетікүндік «толаскез» жоспарлануда,-  дейді Николай Александрович.

Айгерім Бақышева

Райхан Рахметова

.
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды