ҚТЖ басшысы: Компания Әзірбайжанға астық жеткізуді 25 есеге арттырды

Жаңалықтар
26.11.2025, 16:43
Оқуға 2 мин

Бакуге сапар аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы саланың жай-күйі мен даму перспективалары, ынтымақтастық мәселелері, жүк тасымалдау көлемін ұлғайту, инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланған Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Отырыс қорытындысы бойынша ҚТЖ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Әзірбайжан бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы темір жол қатынасын дамыту мәселелеріне түсініктеме берді. Ол соңғы 4 жылда Әзірбайжан бағытына тиелген және осы елден Қазақстан темір жолдары желісі арқылы қабылданған жүктердің көлемі 7 еседен астам өскенін атап өтті. Осы жылдың 10 айында бұл көрсеткіш шамамен 4,1 млн тоннаны құрады.

Айрықша драйвер – бұл транзит: Қытайдан ТХКБ бойынша 292 контейнерлік пойыз жөнелтілсе, бұл өткен жыл көрсеткішінен 12%  артық. Сонымен қатар, Қазақстандағы рекордтық егіннің арқасында ҚТЖ Әзірбайжанға астық жеткізуді 25 есеге арттырып, қазірдің өзінде 600 мың тонна тасымалдады. Бұл компанияға ынтымақтастық қарқынын одан әрі барынша арттыруға мүмкіндік беретін берік іргетас.

Сонымен қатар, ҚТЖ басшылығы ТМД және Балтық елдерінің  теміржол әкімшіліктері басшыларының отырысына қатысты, сондай-ақ «БКЛК – ЕТА» АҚ акционерлерінің кездесуі өтіп, онда компанияның стратегиялық даму векторлары қаралды. «Қытай – Еуропа – Қытай» маршрутының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, контейнерлік тасымалдардың үлесін кеңейтуге, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізі шеңберінде интеграцияланған мультимодальды шешімдерді енгізуге басты назар аударылды.

Тараптар серіктестікті нығайтуға, еуразиялық маршруттың тиімділігі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған бастамаларды үйлестіруді және бірлесіп іске асыруды күшейтуге деген ортақ ұмтылысты растады. Қабылданған шаралар Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар нарығындағы негізгі ойыншы ретіндегі  БКЛК ЕТА позициясын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде