Депутат – сайлаушылары арасында

Жаңалықтар
22.07.2016, 13:04
 

IMG_9412

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Геннадиевич Шиповских Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің мәжіліс залында жергілікті теміржолшылармен кездесті.

Кезекті жұмыс сапарын өзі сайланған өңірдің ахуалымен танысу, Парламент қабырғасында қабылданып, талқыланып жатқан заңдармен теміржолшыларды таныстыру, мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерлерде жүзеге асу барысымен танысу мақсатында ұйымдастырылған кездесуде жергілікті теміржолшылар өздерін толғандырған әлеуметтік бағыттағы сауалдарын, кешегі күнге дейін өздерімен әріптес болған, бүгінгі мәжілісменге жолдап, тиісті жауаптар алды. Сыр өңіріне келген халық қалаулысын теміржолшылар жылы қабылдады. Мәжіліс депутаты өңірге келіп тұрып, теміржолшыларға соқпай кете алмайтынын еш жасырмады. Геннадийдің негізгі жұмыс мақсаты жақында ғана қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау екен. –Ел алдына жаңа белестер белгілейтін «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің мән-маңызы ерекше. Мұнан туындайтын міндеттер күрделі. Бүгінгі таңдағы жаһандық әлеуметтік, қаржылық тұрақсыздық халықтың тыныштығына кері әсерін тигізбеу үшін Елбасының төңірегіне бұрынғыдан да тығыз топтасуымыз керек, – деді теміржолшылармен сұхбаттасқан Геннадий Шиповских. Парламент Мәжілісі депутатымен кездесу барысында темір жол саласы қызметкерлері заңнамалық тұрғыда шешуді қажет ететін мәселелер мен өздерін толғандыратын ойларын ортаға салды. Жалақыны көтеру, жұмыстың ауырлығына байланысты зейнет жасын төмендету секілді мәселелер айтылды. Мәжіліс депутаты кездесу барысында көтерілген мәселелерді үкімет назарына және тиісті органдардың қарауына ұсынатынын жеткізді. Сонымен қатар Геннадий Шиповских «Түркістан – Сексеуіл – Қосқол» аралығындағы пойыз диспетчерлерінің жаңадан ашылған «диспетчерлік шеңберімен» танысты. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды