ҚТЖ Бішкектегі ШЫҰ темір жолы басшыларының VI кездесуінде

Жаңалықтар
27.03.2026, 21:45

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері басшыларының 6-шы кездесуінің Пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сөз сөйлеу барысында спикер ШЫҰ кездесулерінің форматы бірлескен жұмысты талдау және еуразиялық кеңістіктегі көлік байланыстарын нығайту жөніндегі жаңа қадамдарды жоспарлау үшін құнды алаң болып табылатынын атап өтті. Теміржол тасымалын дамыту елдің транзиттік-көліктік әлеуетін ашуға бағытталған ҚР көлік саясатының негізгі басымдығы болып қала береді.

Марат Шәкенов отырысқа қатысушыларға компания жұмысының рекордтық көлемі туралы деректерді ұсынды: 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалы тарихи максимумға – 320 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 5,5% жоғары.

Бұл ретте халықаралық тасымалдардың көлемі 143 млн тоннаны құрады, 80% астамы (115,3 млн тонна) ШЫҰ елдеріне келді, бұл өткен жылға қарағанда 6% өсімді көрсетті. Ал ағымдағы жылдың алғашқы екі айында тасымалдау көлемі 19,8 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10% артық.

«Бұл нәтиже Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан темір жолдарымен екіжақты негізде де, көпжақты форматта да үйлесімді бірлескен жұмыстың нәтижесі», - деп атап өтті ол.

Жалпы отырыс соңында тараптардың логистикалық жүйелерді одан әрі интеграциялау және халықаралық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі ниеттерін бекіткен хаттамаға қол қойылды.

ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық Қазақстан үшін республиканың жаһандық логистикалық маршруттар жүйесіндегі негізгі буын ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал ететін стратегиялық вектор болып қала береді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды