«Қазақстан темір жолы» Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКБ) бойындағы теміржол және теңіз тасымалын өзара үйлестіруді жақсарту мақсатында контейнерлік пойыздарды құраудың «4:3» және «3:2» принциптеріне негізделген жаңа моделін енгізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Ұлттық тасымалдаушының атап өтуінше, пойыздарды бірден кемеге тиелетін партияларға сәйкес құрау жүктерді қосымша жинақтап күту қажеттілігін жойды. Бұл жүк өңдеу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.
2026 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштер:
ТХКБ арқылы Қазақстан аумағынан 125 контейнерлік пойыз өтті.
Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 пойызға немесе 34,4%-ға артық.