ҚТЖ пойыздарды басқарудағы Испанияның цифрлық тәжірибесін зерттеді

Жаңалықтар
18.06.2026, 15:00

ҚТЖ өкілдері инфрақұрылым жөніндегі директор – «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Сәкен Рахметов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры Жанна Ақжанова және «Транстелеком» АҚ өкілдері Мадрид пен Трес-Кантос (Испания) қалаларына барып, пойыздар қозғалысын басқарудың заманауи технологияларымен және теміржол автоматикасы саласындағы озық еуропалық тәжірибемен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сапар аясында Alstom және Siemens компанияларының өкілдерімен – теміржол автоматикасы, телемеханика және қозғалысты басқарудың цифрлық жүйелері саласындағы шешімдердің жетекші әзірлеушілерімен жұмыс кездесулері өтті.

Сапардың негізгі мақсаты тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған Еуропалық пойыздар қозғалысын басқару жүйесін (ERTMS), орталықтандырудың заманауи микропроцессорлық жүйелерін, диспетчерлік басқаруды және басқа да инновациялық технологияларды енгізу және пайдалану тәжірибесін зерделеу болды.

Сапар барысында инфрақұрылым жөніндегі директор ALSTOM компаниясының ERTMS зертханасына барып, Мадрид депосындағы жүйенің борттық құрылғыларының жұмысымен, сондай-ақ Fuencarral учаскесіндегі дабыл құрылғылары мен ERTMS жұмысымен танысты.

ERTMS техникалық шешімдерін таныстыруға және оларды Қазақстанның теміржол желісінде қолдану перспективаларын талқылауға ерекше назар аударылды.

Трес-Кантос қаласында Siemens мамандары ҚТЖ өкілдерін ERTMS, Westrace микропроцессорлық орталықтандыру, диспетчерлік басқару және пойыздар қозғалысын ұйымдастырудың заманауи жүйелері саласындағы шешімдермен таныстырды. Сондай-ақ, тестілеу орталығының және тасымалдау процесін басқарудың заманауи орталықтарының жұмысымен, сондай-ақ сұрыптау дөңестерін жабдықтау бойынша техникалық шешімдермен таныстыру өтті.

Сапар барысында Мадридтің басқару диспетчерлік орталығының Альбасете станциясының Аточа – Валенсия учаскесінде сигнал құрылғылары мен ERTMS жұмысы көрсетілді.

Алынған тәжірибе теміржол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ желіде заманауи цифрлық технологияларды енгізу кезінде пайдаланылатын болады.

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі