ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды

Жаңалықтар
25.06.2026, 15:47

ҚТЖ-да басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкеновтың төрағалығымен теміржол көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Кеңеске Бас көлік прокуратурасының, ҚР Бас прокуратурасының көліктегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің және ҚР Көлік министрлігінің өкілдері қатысты. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өтті. Қатысушылар теміржол апаттарының себептерін және олардың алдын алу үшін қажетті шараларды талқылады.

2025 жылы теміржолда 66 адам басу орын алса, 2026 жылдың бес айында -  24 адам. Негізгі себептер – жолдарда болу ережелерін бұзу, азаматтардың мас күйінде болуы, жолдардан өту кезінде құлаққаптарды пайдалану және суицидтік жағдайлар. Оқиғалардың ең көп саны Алматы, Қарағанды және Қызылорда өңірлерінде тіркелді.

Сонымен қатар, Компанияда қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталуда. 2026 жылдың бес айында ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзу саны 4% төмендеп, 49 жағдайды құрады. Соңғы бес жылда бұзушылықтар саны жыл сайын орта есеппен 4% қысқаруда. ТМД елдері арасында Қазақстан темір жолы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2 орында тұр.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жеке кірме жолдарындағы жағдайға ерекше назар аударылды. Ағымдағы жылдың бес айында мұнда жылжымалы құрамның 91 рельстен шығуы орын алса, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 18% артық. 168 вагон мен 18 локомотив бүлінген.

Талқылау барысында атап өтілгендей, апаттардың  негізгі себептері жолдың қанағаттанарлықсыз жай-күйі, маневрлік жұмыс технологиясының бұзылуы, вагондарды тиеу және түсіру, сондай-ақ инфрақұрылымды пайдалануды бақылаудың жеткіліксіздігі болып табылады.

Қатысушылар тәуекелдердің едәуір бөлігі қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мүмкіндіктері шектеулі жеке кірме жолдарда шоғырланғанына назар аударды.

ҚТЖ-да тасымалдау процесінің қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жалғасуда. Олардың қатарында 2025-2027 жылдарға арналған мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жол картасы, қозғалыс қауіпсіздігі мәдениетін дамыту бағдарламасы, жылжымалы құрам мен инфрақұрылымды жаңғырту, қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесінің аудиті, сондай-ақ процестерді цифрландыру бар.

Цифрлық трансформация шеңберінде «Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизор» және «Аудит» автоматтандырылған жүйелері, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін бақылаудың жаңа құралдары енгізілді. Бұдан басқа, локомотивтер бейнетіркеу құралдарымен жарақтандырылса, ал теміржол желісінің аса қауіпті учаскелерінде бейнебақылау жүйесі енгізілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша жарақаттануды азайтуға, көлік оқиғаларының алдын алуға және теміржол көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған қосымша шаралар әзірленді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды