Елімізде теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді

Жаңалықтар
07.07.2026, 08:59

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі теңіз және өзен көлігі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды! Мейрам былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бекітіліп, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, сондай-ақ сала қызметкерлерінің еліміздің көлік-логистика жүйесін дамытуға қосқан үлесін жария етуге бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Су көлігі саласын дамыту – Қазақстанның көлік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалының көлемі 3,5 есеге артқан.

Жүк тасымалы көлемінің артуы теңіз инфрақұрылымын кешенді дамыту нәтижесінде мүмкін болды. Мәселен, Ақтау портында қайта тиеу жабдықтары жаңғыртылып, контейнерлік хаб салынды. Құрық портында түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп, қосымша терминалдар салынды. Тасымалдау үдерісін цифрландыру мақсатында жүктердің қозғалысын онлайн режимде бақылауға және «бір терезе» қағидаты бойынша шарттар жасасуға мүмкіндік беретін IT-платформа ашылды.

2029 жылға қарай Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы тасымал көлемін 300 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Қазақстанда ішкі су көлігін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Пайдаланудан шығарылмай үш кеме жүретін шлюзге күрделі жөндеу жүргізілуде, сондай-ақ шлюздерді басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйесі енгізілуде.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында өзен туризмін дамыту және Іле өзені арқылы Қазақстан мен Қытай арасында халықаралық өзен бағытын құру жобалары іске асырылуда. Айта кету керек, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде еліміздің ішкі су жолдарында өзен кемелеріндегі апаттық жағдайлар нөлдік деңгейде сақталып отыр. 

Бүгінде су көлігі саласында 14 мыңнан астам маман еңбек етуде. Қызметкерлердің кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығының арқасында су көлігі саласы дамып, тасымалдардың сапасы мен қауіпсіздігі артып, Қазақстанның халықаралық көлік байланыстары нығаюда.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады