Ұлттық тасымалдаушы қызметін қорытындылады

Жаңалықтар
17.11.2017, 12:39
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ елімізде теміржол инфрақұрылымы мен экспорттық тасымалды дамыту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Бұл туралы 15 қарашада Үкімет үйінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның осы жылы теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметінің қорытындысы шығарылған баспасөз мәслихатында айтылды. Жүк тасымалы басқармасының төрағасы Оралхан Кулаков ҚР Үкіметінің Қаулысымен биылдан бастап Ұлттық тасымалдаушы міндетіне кіріскен компанияның өз қызметін толық қамамасыз етіп  отырғанын жеткізді. О. Кулаков 2016 жылы 15 маусымда ҚР-ның 2020 жылдарға дейінгі көлік инфрақұрылымын ықпалдастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес құрылған компанияның негізгі қызметі туралы жасаған баяндамасында теміржол көлігіндегі вагон бизнесін еркін нарыққа шығару нәтижесінде жеке инвестициялар мен вагон операторлары пайда бола бастағанына тоқталды. - Осы жылы өткен он ай ішінде жүк айналымы 216,7 млрд. тонна-км құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға, жүк тиеу көлемі 12 пайызға өсті. Барлық бағдардағы жүктер: көмір, темір кені, құрылыс материалдары, химиялық заттар, тыңайтқыштар тасымалдау артты. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ 83,9 млн. тонна көмір тасымалдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5 миллион тоннаға, яки 15 пайызға артық. Оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға 56,6 миллион тонна көмір жеткізілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 17 пайыз жоғары көрсеткіш. Биылғы жыл аяғына дейін 107 миллион тонна көмір тасымалдау жоспарланып отыр, - деді басқарма төрағасы. Компания басшысы Қазақстанның өңірлеріне көмір жеткізуге вагондары жеткілікті екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ ашық вагон паркінде «Қазтеміртранс» АҚ вагондары (экспорт және облысаралық бағдарлар) қызмет көрсетеді. Ол жалпы республиканың ашық вагондар паркінің 40 пайызын қамтиды. Қазақстанның жергілікті әкімдіктерімен алдын ала бірлесе жұмыс жасалып, жылу электр станцияларына көмір қоры жеткізілген. Он ай ішінде 6,7 миллион тонна астық тасымалданған. Өзбек темір жолындағы вагон айналымын жақсарту үшін астық шаттл пойыздары Қостанай-Галаба (Иран Ислам Республикасы) ұйымдастырылды. Ұн тиеген пойыздар 3257 шақырымды 120 сағатта жүріп өтеді. Бұл технология жүк жөнелтушілерге тасымалдауды жедел ұйымдастыру арқылы экономикалық табыс келтіреді. Тасымалдауды ұйымдастыру шығынын азайтады. Ал, теміржолға жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға кепілдік береді. Қазіргі кездегі астық вагондары мен жабық вагондар айына 1,5 миллион тонна астық тасымалдауға мүмкіндік береді. Біз өз тарапымыздан тасымалдау үдерісіндегі мәселерді шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Алайда тағы да айта кетейін, өнімді түсіру кепілдемесі, тауардың сапасы бойынша қабылданбай қалуына байланысты күтетін уақытты қысқарту мәселесінде жөнелтушілердің де осы іске араласуы маңызды, қажет. Көбіне, тауар шекарада сатылады да, біздің экспорттаушылар төлемақысын алғаннан кейін вагонның одан әрі қайда кетіп, қайда қалатынында шаруасы болмай қалады. Сондықтан айтайын дегенім, қазіргі қолданыстағы астық тасымалдайтын және жабық вагондар паркі вагондар айналымы шарттарын сақтайтын болсақ астық эквивалентінде 1,5 млн тонна астық пен ұн тасымалын қамтамасыз етуге жеткілікті, – дей келе Оралған Кулаков жүктерді шығаруды қамтамасыз ету бойынша мәселелер тасымал үдерісіндегі барлық қатысушылардың жүйелі және бірлескен жұмысы нәтижесінде ғана шешілетінін атап айтты.

Райхан РАХМЕТОВА, Астана

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты