Тұрақты назарда

Жаңалықтар
26.07.2016, 12:51
Оқуға 2 мин
Белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өту мәселесі жауыр болған тақырып болса да, еңбек қорғау инженерлерінің міндетіне кіретін шараны олар тоқтатпай,  өткізе береді.    Маңғыстау станциясында «Абайла, қауіпті аймақ!» атты рейдтің жыл басынан бері жетеуі өткізілген. Оның аясында тұрғындармен 10 рет кездесу ұйымдастырылып, 176 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Желілік тәртіп сақшылары және құрылымдық бөлімшелердің өкілдерінің қатысуымен өтетін шара барысында 42 адамға ескерту берілген. –Бұлар тек рейд барысында анықталғандары ғана. Одан басқа уақытта қаншама тұрғын жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп немесе вагонның астынан өтіп өмірлерін қауіпке тігуде. Біздің бұл шарамыздың қаншалықты нәтиже беріп жатқанын білмейміз. Оны халықпен кездесу барысында өздері де біздің бетімізге басып, көпір салмаса осылай болады деп жатады. Бірақ біз өз міндетімізді атқарып, көпшілікке түсіндіруімізді тоқтатпаймыз, - дейді Маңғыстау станциясының еңбек қорғау инженері Айгүл Аяпова. Әр мекемедегі еңбек қорғау инженерлері  рейдті ұйымдастыру мен өткізуден бөлек  теміржолшыларға жұмыс киімдерін үлестіру, өзге өңірлерде болған жазатайым оқиғаларға қатысты жеделхаттармен қызметкерлерді таныстыру сынды  жұмыстармен айналысады. Әсіресе, оқыс оқиғаларға қатысты жеделхаттарды келгеннен кейін 3 күн ішінде бәріне таныстырып үлгерулері керек. Ал ай сайын ұйымдастырылатын рейд алдағы уақытта да жалғасын тауып,  жыл соңына дейін тағы бесеуі өткізілмек.

Ұлан ОРАЗ, Маңғыстау

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды