Ауыз суға кенелді

Жаңалықтар
29.07.2016, 12:22
Оқуға 2 мин

Изображение 542

Семей қаласының дәл іргесіндегі  шағын ғана елді мекенде «ақ түйенің қарны жарылды». Осыдан жарым ғасыр бұрын бой көтерген бекетке ауыз су келді. Не бары 28 шаңырақ тұратын елді мекенге аттай 23 жылдан соң тіршілік нәрінің қайта берілуі, теміржолшылар тілімен айтқанда «666 шақырым» аталатын ауыл тұрғындарын зор қуанышқа бөледі. Олар осыған дейін ауыз суды үш шақырым жердегі қаладан тасып ішіпті. Тұрғындардың басым көпшілігі зейнет жасындағы байырғы теміржолшылар. Ұзақ жылдар бойы сан мәрте жергілікті билік өкілдеріне де шағымданып, халық қалаулыларына дейін арызданғанмен нәтиже болмаған. Мәселе Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевтың аталмыш округ бойынша қалалық мәслихат депутаты болып сайлануымен жылдам шешімін тауыпты. Енді міне, ауыл ортасындағы құбырдан ауыз су тәулік бойы сарылдап ағып тұр. Кейбір тұрғындар ауыз суды үйлерінің ішіне дейін кіргізіп,  барлық талапқа сай су есептегіш құрылғыларын да орнатып үлгерген.  Бұл күні теміржолшылардың қуанышымен ортақтасуға бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев және қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы келді. –Тіршілік көзінен тарыққан бізді кезінде республикалық телеарналардан да көрсеткен болатын. Арызданбаған құзырлы мекемеміз жоқ шығар. Тіпті, судың берілуінен күдер үзіп, өтініш жасауды да қойып кеткен болатынбыз. Тек биылғы көктемде бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлының мәслихат депутаттығына сайланар шағындағы кездесуінде бастама көтеріп, өтініш жасадық. Міне, бүгін үмітіміз ақталды. Ауыз суды іргемізге әкеліп берді. Іргелі іске жәрдемші болған «Теміржолсу» АҚ қызметкерлеріне де алғысымыз шексіз, – дейді ауылдың үлкені, байырғы Жаңа-Семей жол дистанциясының теміржолшысы Сәмет ақсақал. Аталмыш жоба аз уақыт ішінде аяқталған. Скважина қазу тым қымбатқа түседі. Сондықтан да «Теміржолсу-Аягөз» мекемесі елді мекеннен 1,5 шақырым жердегі су құбырынан арнайы желі тартып берген екен. Техникалық құжаттамалардың реттелуіне бөлімше басшылары атсалысқан. 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды