Екі мыңнан аса адам тексеруден өтті

Жаңалықтар
01.08.2016, 09:39
Шілде айының 8-20 аралығында «Денсаулық» пойызы Сыр бойындағы үлкенді-кішілі 13 темір жол станциясына аялдап,  жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті. Медициналық пойызда екі апта бойы жұмыс жасаған «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ филиалы Қызылорда темір жол ауруханасының 17 маман дәрігері станциялар мен бекеттердегі 2195 тұрғынға дәрігерлік қызмет көрсетіп, олардың денсаулығын бақылаудан өткізген. Олардың 415-і балалар, қалғаны ересектер мен зейнеткер екен. Дөңгелек үстіндегі жылжымалы медициналық пойыз дәрігерлеріне денсаулығын бақылатып, тиісті ақыл-кеңесін Сұлутөбе станциясында – 253, Майлытоғайда – 140, Тартоғайда – 203, Бәйгеқұмда – 179, Екпіндіде – 167, Төменарықта – 201, Жаңақорғанда – 219, Аққұмда – 157, Талапта – 162, Бесарықта – 203, Сауранда – 144 және Шорнақ станциясында 157 тұрғын медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлердің көмегін алған. Жалпы жылжымалы емхана дәрігерлері өңір тұрғындары арасында глаукома, қант диабеті, ас қорыту жүйесіндегі ауытқу, жатыр қуысының қатерлі дерті, гипертония, жүйке жүйесінің бұзылуы, түрлі дәрежедегі қуық дерті, зәр шығару жүйесінің ақауы, көз ауруы, тыныс жүйесінің кем-кетігі мен жүйке жүйесі аурулары, сүйек жүйесі және темір жетіспеушілігінен қан аздығы секілді ауру түрлері кең тарағанын айтып отыр.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

 
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті