Мұнай тасымалына – жаңа жол

Жаңалықтар
02.08.2016, 10:56
Оқуға 4 мин
Бұдан былай Атырау мұнай өңдеу зауытынан тасымалданатын мұнай өнімдері қала ішімен емес, сыртымен жөнелтілетін болады. Осы мақсатта бұрыннан бар темір жол тұйығы жаңартылып, қосымша жолдар салынып жатқанын жазған болатынбыз. Үкіметтік деңгейде қолға алынып отырған маңызды жоба қыркүйекте толық аяқталады деп күтілуде.      Бүгінде Атырау МӨЗ барлық өндірілетін мұнай өнімдері мен мұнай тасымалдау «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Атырау бөлімшесіне қарасты Ақжайық станциясы арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда станцияның қабылдау-өткізу мүмкіндігі шектеулі, станцияны техникалық жағынан жаңалау мүмкін емес. Себебі, станцияның қабылдау-жіберу жолдары тек 58 вагон-цистернаны сыйдыра алады. Ал, Атырау мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) жүк айналымы артқан себепті, станцияның вагон айналымы ең максималды көрсеткіші – күніне 280 вагон қабылдап-жіберуге дейін жеткен.    Жалпы, бұған дейін жүк вагондарының қозғалысы қалада шу тудыруы, тасымалданатын жарылғыш және улы заттар зауытқа жақын орналасқан үйлердің тұрғындарына қауіп-қатер төндіретіні себепті темір жолды қала сыртына көшіру мәселесін қала әкімшілігі, облыстың экология департаменті, санитарлық, экологиялық қызмет мамандары осыған дейін жиі көтеріп келген болатын. Яғни, Ақжайық станциясының бұдан былай Атырау МӨЗ-дің жүк тасымалдау көлемі талаптарына сай келмегендігінен, Теңдік станциясынан Атырау МӨЗ-ге дейін айналма темір жолының құрылысы өткен жылы басталып кеткен болатын. Жаңа салынған Промышленная станциясы болса тәулігіне 330 вагон қабылдап-жөнелту мүмкіндігіне ие. Атырау МӨЗ-дің мұнай өңдеу көрсеткіші жылына 5,5 млн тоннаны құраған кезде станцияның жүк тиеу көрсеткіші 73 пайызға артады. Көлік инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Атырау МӨЗ-дің барлық жүк айналымы Теңдік станциясы арқылы өтіп, Промышленная станциясында өңделетін болады.  Қазіргі таңда Промышленная станциясының құрылысы 90 пайызға аяқталып тұр.          Сонымен, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ мен «PETROLEUM» ЖШС-нің қаржыландыруымен бұрыннан бар темір жол тұйығы жаңартылып, қосымша жолдар салынып жатыр. Өткен жылдың ақпанында қазақстандық «ГлобалСтройСнаб» ЖШС бұл жобаға бас мердігер болып белгіленіп, жолдың жоғарғы қабаттарының  құрылысы өткен жылдың тамызында басталып кеткен еді.         – Бұл өте маңызды жоба. Себебі, Атырау жылдан-жылға өсіп дамыған сайын оның  ортасында Атырау мұнай-өңдеу зауыты қалып қойды. Тек зауыттың өзінен 200-дің үстінде вагон тиелетінін ескерсек, оның бәрі вагондар арқылы қала ішімен жөнелтілуде. Ал, зауыттан қалаға кіре берісте көптеген темір жол өткелдері бар, мұнай құйылған цистерналар сол жермен өткенде автокөліктерге кептелістер тудырады. Енді бұл вагондар қала сыртына ауысқанда, автокөлік иелеріне де жол ашылып, қала да жеңілденеді. Негізі, зауыт пен темір жолдың жұмысы бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Екеуі бір-бірінсіз күнелте алмайды. Өйткені, зауыт мұнайды тұрбалар арқылы тасымалдай алмайды, себебі «бензин», «дизтоплива» секілді шикізаттарға мұнай құбыры желісі жоқ. Сол себепті мұнайды цистерналармен темір жол арқылы тасымалдауға тура келеді. Өз кезегінде Теңдік станциясының күрделі жөндеуден өтуі мен дамуы, соған байланысты Атырау МӨЗ-дің жүк көлемінің Теңдік станциясына ауысуы қалаға жақын орналасқан Ақжайық станциясын тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Сондай-ақ, Теңдік станциясының өткізу мүмкіндігін жетілдіреді, – дейді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ- ның «ГП» Атырау бөлімшесі» филиалы директоры Бөріхан Сматоллаұлы. Филиал директорының айтуынша, АМӨЗ-ден басқа да зауыттарға қала ішімен баратын бұрыннан салынған темір жолдар сол күйі қала бермек. Оның қажеттілігі сол – зауыттарға басқа мекемелерден келетін құрал-жабдықтар, азық-түлік секілді қажетті тауарлар вагондармен осы жолдар арқылы жеткізіледі. Жолды жетілдіру жобасы аяқталған соң Атырау МӨЗ жалпылама жүк айналымы көрсеткішін арттыруды, жүк қабылдауда мұнай көрсеткішін жылына – 500 мың тонна, жүк жіберуде бензин көрсеткішін 1626 мың тонна, дизель отынын – 1537 тоннаға, параксилолды – 498 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.             Стратегиялық маңыздылығы жоғары жобаның іске асырылу барысын «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ, «Атырау МӨЗ» ЖШС, «PETROLEUM» ЖШС және «Қазақстан темір жолы Жүк тасымалы» АҚ-ның Атырау бөлімшесі филиалы жіті назарда ұстап отыр.

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

Атырау

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды