Теңдік станциясының жаңа тынысы ашылды

Жаңалықтар
02.08.2016, 16:39
Оқуға 3 мин

Жана жол

Атырау – өндірісті аймақ. Ел экономикасы еңсе түзегелі бері өңірде көптеген істер атқарылуда. Ол темір жол саласын да қамтып отыр. Айталық, күні кеше Атырау іргесіндегі Теңдік станциясын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ игілігіне жасалып жатқан жұмыстың бір бөлігі. Бұдан бұрын жазғанымыздай, Атырау жол бөлімшесінде көптен бері айтылып келе жатқан жұмыстар ішінде Ақжайық станциясының «жүгін» жеңілдету ісі өткір тұрған еді. Өңірде «Атырау мұнай өңдеу зауытында айналма темір жол құрылысын салу» жобасы қолға алынғалы бері ол мәселе де оң бағытта шешілетін болды. Зауыттың көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаға сәйкес оның кірме жолын Теңдік станциясымен жалғау көзделген, сонда Ақжайық станциясы біраз «жеңілдеп» қалады. Аталған жобаны жүзеге асырушы «РТИ-АНПЗ» ЖШС Теңдік станциясының құрылысын аяқтап, теміржолшылар күні қарсаңында толықтай пайдалануға беріп отыр.   Серіктестіктің Бас директоры Мұхтар Байжановтың айтып өткеніндей, бүгінгі уақытта Теңдік станциясында соңғы технология бойынша жабдықталған «МПЦ-И» орталықтандырылған басқару пульті орналасқан су жаңа ғимарат бой көтерді (суретте). Оны станцияның  әкімшілік кеңсесі десе де болады. Оның іші станция бастығы, станция кезекшісі, оператор, вагон қараушылар, байланысшы, жолшылар, электр энергиясымен қамту, кеден, басқа да қызметкерлер үшін арнайы бөлмелер жабдықталған. Ғимаратқа дербес газ, су, жарық, кәріз жүйелері жүргізілген. Жұмысшылардың еңбек етуіне қолаулы жағдай жасайтын   асхана, киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер де бар. Қысты күнгі суықта даладажұмыс істейтін теміржолшылар үшін арнайы жылынатын бөлме де қарастырылған.  Станция аумағында жоғары матчталы, биіктігі 25 метрлік 17 дана жарық бағандары орнатылған. Оның әрқайсысында 8 прожектордан бар, сонда барлығы 136  прожектор станцияға жарық беріп тұр! Яғни, олар станцияның самаладай жарқырап тұруына мүмкіндік береді. Басқасын айтпағанда, бұл ең алдымен күні-түні тынымсыз еңбек ететін вагон құрастырушылар үшін қолайлы болмақ. Сондай-ақ,  темір жолдың жанынан дыбыс оқшаулағыш қалқа орнатылған. Станция аймағының елді мекен екенін ескерсек, бұл сол маңдағы ауыл тұрғындарын тепловоздың дауысы, вагонның тарсылынан оқшаулайтын  қолайлылық. Қалқаның биіктігі 3 метр, ал ұзындығы 500 метр, яғни ауылдың бір шетінен екінші шетіне шейін созылған.   Станция басында бұрынғы 2 жолға қосымша жаңа 2, 4, 6-шы 3 қабылдап-жөнелту және вагондарды құрастыратын сегізінші жол  салынды. Бұл станцияның өткізу қабілетін бұрынғыдан екі-үш есеге арттырады деген сөз. Магистральды қатынасты есептемегенде, зауыттың өзіне тәулігіне 8 жұп пойыз қабылдап-жөнелтіледі. Станциядағы пойыздар қозғалысы, маневр жұмыстары, вагон қабылдап-жөнелту монитор арқылы автоматты түрде бақыланып отырады. Сонымен қатар, 9 дана бағыттамалы бұрма іске қосылып, олар автоматты түрде ажыратылып, қосылады. Станция басында қуаттылығы 50 киловатт алып дизель генераторы бар ғимарат салынған. Егер жарық сөніп қалған жағдайда, генератор автоматты түрде қосылып, станция жұмысына «жан» бітіреді, жұмыс тоқтамайды. Сондай-ақ,  жаңадан 37 бағдаршам орнатылды. Радио, телефон байланысы, станция паркіне таралатын дыбыскүшейткіш, машинистермен байланыстың бәрі соңғы үлгідегі қондырғылар арқылы жабдықталған. Станция аумағы абаттандырылып, асфальт төселіп, жас көшеттер отырғызылған. Осының бәрі теміржолшылар игілігіне ұсынылып отыр. Теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында жұмыс толық  аяқталып, жаңарып-жаңғырған станция пайдалануға беріліп отыр.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды