Бизнесті трансформациялау жобалары таныстырылды

Жаңалықтар
02.08.2016, 17:24
Оқуға 5 мин
Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Ұлттық компания қазіргі таңда бағдарламаның 3-ші кезеңі бойынша жұмыстарды бастады. Бұл туралы 29 шілдеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Компаниядағы бизнесті трансформациялаудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру жобасының тұсаукесер рәсімі негізінде өткен ақпараттық күнде айтылды.        «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Еркін Жусанбаев ашып жүргізген жиында бағдарламаны жүзеге асыру тобы мен жоба жетекшілері өздерінің атқарған жұмыстарын, алда тұрған міндеттерін, негізгі атқарылатын шараларды баяндады. Ақпараттық күннің бағдарламасына сәйкес аталған Бизнесті трансформациялау бағдарламасының менеджері Талғат Иманов жобаның портфелін ұсынғасын бірнеше жоба бойынша жетекшілер кезек-кезегімен мінберге көтеріліп, слайдтар арқылы өз жобаларын таныстырып өтті.        Алғашқы баяндалған ««ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру» тақырыбындағы жоба туралы «Маркетинг, сату және көліктік қызмет көрсету, өндірістік қауіпсіздікті басқару» бағытының жетекшісі Валерий Гайнутдинов айтып берді. Жоба мақсаты – қауіпсіздікті басқару жүйесін жаңарту, релевантты үдерістер мен қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін рәсімдерді анықтау, қауіпсіздікті басқару жүйесіндегі тиісті атқаратын рөлдеріне үйрету. Жобаның  қауіпсіздік мәдениеті деңгейін көтеру, қоршаған ортаға келтірілетін зиянды болдырмау, тосын оқиға бола қалған жағдайда дер кезінде және тиісті шаралар қабылдау бойынша ұдайы талдау жүргізу, апаттардан кейінгі операциялық тұрып қалулар мерзімін қысқартуға қол жеткізу жағынан пайдасы бар.                Екінші «Негізгі қаражаттарды басқару үдерісі мен тәсілдерін енгізу» жобасын таныстырған «Активтерді басқару» тобының жетекшісі З. Шопановтың айтуынша, жоба мақсаты – технологиялық активтерді тиімді және нәтижелі басқаруды қамтамасыз ету үшін қажет мәліметтер, бағдарламалық қамтамасыз ету, ережелер, тиісті әдістер, негізгі құралдар тағы басқаларын басқарудың кешенді жүйесін енгізу. Бұл жобаның пайдасы – компания тобында активтерді басқару үдерісін автоматтандыру және жүйелендіру, активтерді дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын құру.             «Жеткізілім тізбегін басқару және сатып алумен қамтамасыз ету» бағытының жетекшісі Г. Аманбаева «Жеткізілім тізбегі тиімділігі үшін басқару тәжірибесін енгізу» жобасын таныстырды. Жобаның көздегені – санаттық сатып алу стратегиясын жасауда тәжірибелік дағдыларды енгізу, пилоттық жоба негізінде Құбыр желісін таңдау санаттары үшін көп факторлы жеткізушіні анықтауды енгізу арқылы тендер өткізу. Сонымен қатар қойма шаруашылығының оңтайлы құрылымын жасап, материалдық ағынға оңтайлы жол табу. Сатып алуды басқаруды ішінара санаттар бойынша енгізу 4 жыл ішінде шығынды 26,7 млрд теңгеге оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ актив қаражаты мен иелік етуге қатысты компания шығындарын оңтайландырады.            Келесі жоба – «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығын құру» деп аталды. Ол туралы баяндаған «Қаржыны басқару» бағытының жетекшісі Берік Тыныштықбаев жоба мақсаты – бухгалтерлік, салықтық және кадрлық есептерді енгізу бойынша барлық транзакциялық қызметтерді бүкіл үдерістер мен қызметтер стандартталып, орталықтандырылатын және біріктірілетін Көпфункцоналды қызмет көрсету орталықтарына ауыстыру екенін түсіндірді. Бұл жобадан соң ескішілдікке негізделген операцияларға, ИТ инфрақұрылымдар мен ИТ жүйені енгізу және қолдауға шығындарды қысқарту, қателіктер санын азайту, шешім қабылдау үшін қажет ақпараттар сапасын, бизнес үдерістер тиімділігін арттыру, үдерістердің орындалу мерзімін қысқартуға қол жеткізілмек.          Адам ресурстарын басқару департаменті директорының міндетін атқарушы А. Ермұханова «Меритократия принципін енгізу» жобасының мақсатына тоқталғанда, оның іздеу және таңдау бойынша үдерістерді енгізу есебімен персонал сапасын, оларды бағалау, таланттарды басқару, сыйақы беру сапасын, компания қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Бұған қоса жоба арқылы HR бизнес үдерістерінің тиімділігін персонал сапасын арттыру есебімен күшейту көзделген. Соның арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізетін жоғары білікті жұмысшылар мен қызметкерлер саны артпақ. Жұмысшылардың белсенділігі күшейіп, инновация мен білім жетіле түспек.          «Маркетинг және сауда» тобының жетекшісі О. Бәкіров «Маркетинг және сауда тәжірибесін енгізу» жобасы жайлы айтып, оның мақсаты нарықты саралау, қызмет/өнім портфелін дамыту, сауда және тұтынушыларды дамытуды ұйымдастыру, Компания өнімі/қызметін нарыққа шығару, ұсынылатын қызметтің сапасын бағалау және мониторингтеу арқылы стандартталған жаңа үдерістер мен тәсілдер, маркетинг, сауда құралдарын енгізу  болып табылатынын жеткізді. Бұдан қандай пайда түспек? Көп пайда келтіретін нарықтық мақсатты саралауды дұрыс анықтауға, нарық сұранысына жауап беретін инновациялық өнмідерді жасап, дамытуға, тұтынушыларды ақпараттық қолдау орталығы және сауда құрылымын құруға, жоғары сұраныс қалыптастыра отырып өнім/қызметті орнықтыру және жүргізу қабілеттілігіне, тұтынушылармен өзара ынтымақтастықты дамытуға қол жеткізілмек.           Ал «Жоспарлаудың біріктірілген жүйесін жасау және енгізу» жобасының мақсаты – бюджеттік басқарудың тиімді және икемді құралдарын жасап шығару. Жоба жайлы баяндаған «Басқармалы есеп» тобының жетекшісі К. Жүсіпова жоба тиімділігін айтқанда, негізгі ресурстарды кешенді басқару, пайдасыз үдерістер мен операцияларды бағалау мен бақылау және оларды уақытында анықтау, Компания бизнесі табыстылығын арттыру бойынша нақты шаралар жасау мүмкіндігі туатынын айтты.        Бұдан соңғы жоба – «Тәуекелді басқару бойынша біріктірілген тәсілдерді енгізу» деп аталып, ол жайында «Тәуекелді басқару және талаптар сәйкестігі» тобының жетекшісі Анастася Маленко баяндады. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы тактикалық, стратегиялық және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік туып, тәуекелдерді болжау және азайтуға, теміржол қызметін нарыққа шығару мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасалады.           Мәліметтерді басқару және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ержан Маханов «Мақсатты ИТ сәулет өнері және үдерістерді автоматтандыру туралы» жобаға тоқталды. Бұл - компанияның бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру, ақпараттық технологияларды стандарттау, қолданбалы жүйені көшіріп қайталауды азайту, ақпаратты мейлінше тиімдірек пайдалануға қол жеткізуді көздейтін жоба.

Райхан Рахметова

Астана

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды