Отандық өнімдер қолданылуда
Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі ағымдағы жылы 72,6 км жолға күрделі жөндеу жоспарлауда. Межелі міндетті орындау барысында түбек теміржолына экологиялық таза, ең бастысы отандық жаңа материалдар қолданылмақ.
Бұл қозғалыс қауіпсіздігін анағұрлым жақсартып, жұмыс сапасын бүгінгіден де арттыруға ықпал ететінін айтқан бөлімше директорының орынбасары Аслан Назаровтың сөзінше, биылғы жоспарға сай №5-6 бекет бойынша 103-129 км аралығындағы жол табаны күрделі жөндеуден өтеді. Құрылыс кезінде 26 км түйіспесіз жол, жаңа 47840 дана темірбетонды шпал, 75400 м3 қиыршық тас-щебень салынады.
1 сәуір жағдайы бойынша, күрделі жөндеудің алғашқы 5,3 км салынып басталып, 9752 шпал, 15500 м3 щебень төселген. Енді № 15-16 бекетте 352-377 км арасына 24,6 км түйіспесіз жол салынып, 45264 дана темірбетонды шпал, 71340 м3 щебень жайылмақ. Аталған жұмыстарды жүргізуші мекеме – «Integra Construction KZ» ЖШС Батыс, Солтүстік дирекциялары.
– №15-16 бекеттегі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін №11-12 бекетте 22 км түйіспесіз жол, 40480 дана жаңа темірбетонды шпал төселіп, 63800 м3 қиыршық тас салынатын болады. Соның нәтижесінде жол жаңарып, пойыздардың қауіп-қатерсіз жүруіне мүмкіндік артпақ. Күрделі жөндеудің нәтижесінде ағаш шпалдары темірбетонды шпалдарға ауыстырылып жатыр, бұл дегеніміз – олардың қызмет көрсету мерзімі 3-4 есе жоғарылайды деген сөз. Түйіспесіз жолдың буынды жолдан ерекшелігі – түйіспелерге жұмсалған бекітпелер үнемді болады және пойыздардың жүрісіне де қолайлы. Құрылысқа «Казшпал» ЖШС-нің темірбетонды шпалдары, Ақтөбе қаласындағы «АРБЗ» ЖШС-нің түйіспесіз рельстері пайдаланылуда, – дейді Аслан Назаров.
Шахида Жұман
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?