Тау бөктеріндегі бекет

Жаңалықтар
05.07.2018, 11:36
Көктерек – табиғаты көркем  таулы өңірде орналасқан төртінші класты станция.  Шымкент іргесіндегі Түлкібастан кейін осы Көктерек станциясы, әрі қарай Меңлібай, Састөбе, Ынтымақ бекеттері, барлығы дерлік таудан шығатын қиыршық тас пен әктас жөнелтеді. Таудың бауырындағы аядай ғана Көктерек бекетінің бір өзі Қырғыз еліне ай сайын 40 вагон қиыршық тас жібереді. Бұл жердегі таудың тасы цементке емес, кәдімгі тұтынатын қант қоспасын кристалдандыру үшін керек. Қанттың өзі қоймалжың  болғандықтан, әк тасты күйдіріп, соның буымен қантты қатыратын көрінеді. Бұрын Жамбыл облысындағы Меркедегі қант шығаратын зауытқа да ай сайын 20 вагон жүк тиелетін. Қазір зауыт жұмысы тоқтағалы тек қырғыздарға жөнелтілуде. Көктеректе станция бастығы Қуаныш Оралұлының басшылығымен үш станция кезекшісі, бір тауар кассирі барлық жұмысқа жауапты. Жолшылар мен байланысшылар, электрмен жабдықтаушылар барлығы соңғы үлгіде салынған жақсы ғимаратта қатар отырып жұмыс істейді. Жоғарыда айтқанымыздай, мұндағы теміржол таудың етегін ала орналасқан. Ауыл болса еңісте. Сондықтан, ілуде бір жоғалған малын іздеп жүрген немесе төрт-түлік жайып жүрген тұрғындар болмаса, ауылдағы 200-ден аса түтін иелеріне теміржолдан келер қауіп жоқ. Көктерек бекеті орналасқан ауыл – алаштың арда азаматы, Түрксіб  теміржолын салуға зор еңбегі сіңген мемлекет қайреткері Тұрар Рысқұловтың туған жері. Бұрынғы Ждановтан қазір Рысқұл ауылы болып өзгерген. Үш станция кезекшісі осы ауылда тұрады, қалғандары аудан орталығынан, көрші елді мекендерден жеке көлігімен қатынайды екен. Аптаның бес күнінде станция кезекшісі өз міндетін атқарып отырады. Ал жүк азайған сенбі-жексенбіде табло орталықтандырылған диспетчерлік жүйемен басқарылады. Қыста қар қалың түсетіндіктен, бұл өңірде жолшылар үшін жұмыс жеткілікті. Жақында Түлкібас – Көктерек, Көктерек – Меңлібай аралығындағы бірінші жолға күрделі жөндеу жүргізіліп, жол табаны сауықтырылған. Тағы бір жақсысы, теміржол жиегіне мал жайыла алмайды. Төменде мал айдайтын көпір бар. Төрт-түлік ертелі-кеш өріске сол көпір арқылы келіп кететіндіктен, теміржолға малдан да қауіп жоқ. Бірақ, теміржолшылар халыққа теміржол бойы қашанда қауіпті екенін ұдайы ескертіп тұрады.   Динар МЕЙІРМАН, Көктерек Суретті түсірген автор      
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл