Қос мерекемен құттықтауда

Жаңалықтар
05.07.2018, 11:59
Осы күндері бүкіл қазақстандықтар Астананың 20 жылдығын тойлап жатса, біздің кейіпкеріміз 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Семей ЖТ қарасты   Ел шығысын Астанамен жалғайтын Жаңа Семей – Дегелең телімінің 242,1 шақырымында орын тепкен Известковый станциясын басқаратын Рысқали Мұстафиновты әріптестері нағыз теміржолдың қара нары деседі.     Ел шығысын Астанамен жалғайтын Жаңа Семей – Дегелең телімі Семей бөлімшесі бойынша ең күрделі аумақ саналады. Осы жолдың  242,1 шақырымында орын тепкен шағын ғана Известковый станциясының да жүгі жеңіл емес. – Біздің станция 5-ші сыныпты. Жақын аралықта іргелі елді мекендер, өндіріс ошақтары жоқ. Сол себепті де бізге жүк тиеу, түсіру сынды күрделі шаруалар жүктелмеген. Әйтсе де, қос тараптан ағылатын пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Кейбір күндері іргедегі Дегелең станциясында көмір тиелімінің артуына байланысты қозғалысты реттеудің маңыздылығы арта түседі. Темір тасқынды қабылдап алып, жөнелтіп, қауіпсіздігін қадағалаудың өзіндік жауапкершілігі зор, – дейді станция бастығы. Қазіргі таңда Известковыйдан тәулігіне 14 жұп пойыз өтеді. Ал, бұл көрсеткіш қатты отын тасымалы артқан күз айларында тіптен еселене түседі. Телімнің қумажолдарының балдық көрсеткішінің жақсы болуы себепті жылдамдық та жоғары. Сол себепті іркіліс туындамауы тиіс. Станция басшысы Рысқали Тілеужанұлының айтуынша, аталмыш станцияда екі-үш жыл жұмыс істеп, кәсіби қызметтің қыр-сырына төселген теміржолшылардың қалың шоғыры бүгінде үлкен станцияларда еңбек етуде. Әсіресе, Аягөз, Локоть, Семей станцияларында тіпті Астанада лауазымды, жауапты қызметте жүрген қызметкерлердің көпшілігі құла дүздегі шағын ғана Известковыйдан шыңдалып шыққанын станциялықтар мақтаныш етеді.   Теміржол саласында 40 жылға жуық еңбек өтілі бар Рысқалы Тілеужанұлы бұл қызметтің қыр-сырына әбден қаныққан, әсіресе станцияда еңбек етудің ыстық-суығын бір кісідей сезінген, тәжірибесі аса мол маман. Алғашқы еңбек жолын ата мекені Суықбұлақ станциясында пойызқұрастырушының көмекшісі болып бастаған еді. Осылайша, осынау станцияның кезекшісі, станция бастығы қызметтерін абыроймен атқарды. Ал, 2001 жылдан бері Дегелең-Семей аралығындағы бесінші класты Известковый станциясында еш үзіліссіз еңбек етіп келеді. Жаңа станцияны ашудағы мақсат – Астана шаһарын бетке алатын жүк және жолаушы тасымалының артуы себепті аталмыш желі бойындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын.   Теміржолдың тарлан қызметкері өзінің 60 жасқа толу сынды мерейлі мезетін Астана шаһарының 20 жылдығымен ұштастыра атап өтуде. Шығысты елордамен жалғайтын желі бойында ұзақ жыл бойы қызмет етіп келе жатқан станция басшысына әріптес аға-інілері қоңырау шалып қос мерекемен қатар құттықтауда.   Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл