30 маусымда «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілік ғимаратының спорт залында ұлттық спорт ойындарының бір түрі – асық атудан жарыс өткізілді. Асық ату жарысына Компанияның еншілес кәсіпорындары мен филиалдары, орталық аппарат қызметкерлері қатысты. «Ұлттық спорттың бұл түрінен жарыс компанияда бұрын-соңды өткізілмеген еді. Біздің спортшыларымыз үлкен тәжірибе алды. Басыт мақсат – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да асық ату сынды ұлттық спорт түрлерін насихаттау мен дамыту, танымал ету көзделіп отыр», – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды дамыту департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова. Жарыс алдындағы сайыс айналма түрінде жүргізілді. Қатысушылар бірнеше топтарға бөлінді. Ол топтар өздерінің жеделдігін, мергендігін, төзімділігін әйгілеуі керек. Ерлер арасындағы жарыста бірінші орынды Нұрлыбек Сәмеков, екінші орынды Саят Несіпбеков, үшінші орынды Бақыт Сүлейменов иемденді. Әйелдер арасында бірінші орынды – Гүлнәр Дабысқызы, екінші орынды – Айжамал Қуаныш, үшінші орынды Кәмила Мұздыбаева иемденді. Топтық біріншілікте бірінші орынды – Бақыт Сүлейменов пен Гүлнәр Дабысқызы, екінші орынды – Нұрлыбек Сәмеков, Айжамал Қуаныш, үшінші орынды Ерік Есенов пен Кәмила Мұздыбаева бөлісті. Асық ату ойынына қатысушылардың барлығына грамоталар, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Жібек МЕДЕТҚЫЗЫ