Алты айдағы ахуал

Жаңалықтар
05.07.2018, 12:31
Алты ай ішінде Шымкент жол дистанциясының аумағында бес рет пойыздың адам басу дерегі тіркеліп, төртеуінде кісі өлімімен аяқталған. Бірінде құлағы естімейтін саңырау бала өзін-өзі өлімге тастаса, екіншісі құлаққаптың кесірінен қыршын кетті. Үшіншісінің періштесі қағып аман қалды. Бес оқиғаның үшеуі Манкент – Ынтымақ, екеуі Шымкент – Қорғасын телімінде орын алған. Қайғылы жағдай сол баяғы белгіленбеген жерден өтуден шығып отыр. Манкент – Ынтымақ арасына сым тартылып, малдан қоршау жүргізілген. Қорғасын – Шымкент, Шымкент – Қызылсай бойы темірмен қоршалған. Осы оқиға болған жердің бәрінде адамдар қоршауды сындырып, майыстырып кеткен. Өкініштісі сол, бұл маң қиылыс жолға жатады. Бұрылыс жерлерден өткенде машинистер алдынан бірден шыққан адамды байқамай қалады. Манкент – Ынтымақ бойындағы қайғылы жағдай орын алған жерде малға жасалған қоршау бұзылыпты. Теміржолдың арғы бетінде 500 метр қашықта тұрғын үйлер орналасса, бергі жағы жайылымдық жер. Құлағына құлаққап таққан бала мал айдап өтпекші болып, пойыздың даусын естімеген. Машинист баланы қиылыс жолдан шыға бере 150 метр жерден байқаған, кемі 500 метр барып тоқтайтындықтан, әрине үлгермейді. Жантүршігерлік бұл жағдай маусымның 21 күні болса, 22 күні тал түсте тағы бір баланы пойыз қағады. Анасы, інісі үшеуі қатар жолдан өтіп бара жатқан. №89 «Астана–Қызылорда» бағытындағы  Тальго жүрдек пойызының машинисі ададмдарды бұрылыс жолдан өте байқапты. Анасы өтіп үлгеріп, баласын тартқанша пойыздың екпіні ұшырып түсірген. Тальго пойызының даусы қатты естілмейтіндіктен, анасы да пойыз келе жатқанын аңғармаса керек. Аман қалған баланы жедел жәрдем әкеткен. Жақын тұста жер асты өткелі бар екен. Анасы қанша асықса да, балалардың қауіпсіздігін ойламағаны қынжылтады. – Біз айтудан кенде емеспіз. Бірақ, оқиға қайталанып, еңбегімізді еш етуде. Жыл басынан бері дистанция аумағындағы барлық мектептерде 29 рет оқушылармен жиын өткіздік. ЖІІб тәртіп сақшыларымен станцияларға барып, тұрғындармен 124 рет кездесіп, 18 рет рейдке шықтық. Қысқасы, 30 мың адамды құлақтандырдық. «Он күн алдын ғана келіп кеттіңдер ғой» деп наразы болатындар да, «міндеттерің жол жөндеу ма, соны істеңдер, біздің амандығымыз үшін алаң болмаңдар» дейтіндер де бар. Қоршау жасағанмен жұрттың санасы өзгермейтіндіктен, үгіт-насихатты үзбейміз. Жақында теміржол бойында қауіпсіздікті сақтау жиыны өтті. Қаладағы үш аудан әкімі орынбасарлары қатысып, жергілікті БАҚ беттеріне теміржолдың өткенде сергек болу жайлы мақала жариялатуға уәде етті. Біз 5-10 минуттық бейнеролик дайындап береміз. Мүмкіндігінше теледидардан кешкі ас пен таңғы шайдың үстінде көрсетсе деген өтінішпен шықпақпыз, – дейді еңбек қорғау инженері Ақберен Абдрахманов. Маманның пікірінше, айыппұл салуды қатаңдату керек. Кеше, мысалы, электровоз тоқтап, баспалдағы қисайғанынан 128 мың теңге шығын келіпті. Электровоздың тежегішті басып тоқтағаны 3-тен 30 минутқа созылса, 28 мың теңге, өсімпұлымен 34 мыңға айналады. Ол дистанцияның жылдық кірісінен ұсталады. – Сондықтан, ЖІІб қызметкерлерімен айыппұлды пойызды тоқтатқан адам мен мал иесіне  салуды қатаңдатуды сұрап жатырмыз. Тәртіп сақшылары бұл жағдайда сот арқылы өндіріп алуға болатынын айтуда. Өмірден өткен марқұмға айыппұл салу қиын. Дегенмен, тірі қалғандарын солай жазалайтын уақыт келді. Осы арқылы халықтың санасында «адам өлсе де пойыз жолдан өткені үшін айыппұл төлейді» деген түсінік қалыптасса, өздері үшін сақ жүрер еді, – деп ой айтады еңбек қорғау инженері.   Динар МЕЙІРМАН, Шымкент  
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл