Бұл атақты ПМС Шу...

Жаңалықтар
19.08.2016, 16:45
Оқуға 2 мин
Қазақстанда ең ірі темір жол торабының бірінен саналатын  Шу станциясында шоғырланған  кәсіпорындар мен мекемелердің қатарында  Жол машиналары станциясының жөні бөлек. Жол салудың шебері атанған отандық  компания «Теміржол жөндеу» ЖШС-нің  филиалы – «ЖМС Бірлік» кәсіпорны былайғы жұртқа «ПМС Шу» деген атаумен кеңінен  таныс. Тарихқа үңілсек, бұл байырғы темір жол кәсіпорынының  негізі 1944 жылы қаланып, әу баста Украинаның Дарцина қаласында өз жұмысын бастаған екен.  1972 жылы Шуға қоныс аударып, Бірлік ауылынан тұрақ тапқан. Басты міндеті – күрделі және орташа жол жөндеу, жаңа жол құрылысын салу. Содан бергі жарты ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстан темір жолында ПМС Шу жұмысшыларының қолы тимеген, техникасы бармаған түкпір қалмаған десек артық болмас. Бүгінгі күні кәсіпорынды «Теміржол жөндеу» ЖШС құрамында батыс айақтағы жолдарды салуда тамаша тәжірибе жинаған маман Сәкен Маратұлы Рахметов басқарып отыр. Ірі кәсіпорында бес цех: механикалық, құрылыс, буын құрастыру базасы, ауыр жүк машиналар цехы және әкімшілік басқарушы қызметкерлер бөлімі бар. Ауыр жүк машиналарының үлкен паркінде: LW 500F жүк  тиегіш, TV 320 шебень-тас кесу, ЭЛБ-4 жол түзеу машиналары, КДКК-10 краны, хоппер-дозаторлық (ХДВ) және автокөліктер мен тракторлар бар,  жалпы саны – 75 техника түрі шоғырланған.  Қазіргі таңда олар Шу – Алматы-1 бағытындағы екінші темір жол телімін салуға атсалысуда.  Оның арақашықтығы 60 шақырымды құрайды. Тамыз айының алғашқы онкүндігінде жол салу басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында толықтай аяқтау жоспарлануда. Тамыздың бел ортасы ауса да, ми қайнатар ыстықта бір сәт те тыным алмастан темірдей шыныққан құрыш білекті жігіттер еңбек көрігін қыздырып жатыр.  – Қазір салада жаңалық көп. Бұрындары темір жолдың астына ағаш шпал төселетін болса, бұл күні темір-бетонды шпал жасалуда. Мұның шыдамдылығы 5-6 жылға дейін жетеді. Ол өзіміздің Қазақстанда шығарылатын өнім, ал оны бекітетін құрал Германиядан әкелінеді, – дейді шпалдарды тігіп жатқан жұмысшыларға көмектесіп жатқан өндірістік база жетекшісі Біржан Тұрсымбеков.

Арсен БАЙЗАҚ, Шу

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды