Тиімді ұсыныстарға толы кездесу

Жаңалықтар
26.08.2016, 16:31
Оқуға 2 мин
Астанада Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия темір жол әкімшіліктерінің басшылары Қазақстанның жүк жөнелтушілерімен, ірі операторларымен және жүк компанияларымен кездесті. Кездесу барысында жүк тасымалы үшін қолайлы жағдай тудыру, өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Көбінесе, әңгіме Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия аумақтары бойынша контейнерлік тасымалға, сондай-ақ, газ, мұнай, астық, металл өнімдері сияқты жүк тасымалына тарифтік мөлшерлемелердің төмендеуі туралы болды. Біз экспорттық және импорттық тауарларды тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар ұсынамыз. Мысалға, үстіміздегі жылдың соңына қарай біз Грузия темір жолдары арқылы Түркияға тікелей өткел ашамыз. Бұл жағдайда, сіздерге Түркияның оңтүстік порттарына, Солтүстік Африка мен Араб елдеріне шығу мүмкіндігі туады, – деді Әзірбайжан темір жолдары басшысының орынбасары Игбал Гусейнов. Жаңа нарықтарды игеруге, тасымал көлемінің өсіміне қазақстандық экспортқа жасалып жатқан жеңілдікке ие тариф жағдайлары ғана емес, сондай-ақ, теміржолшылар ұсынып отырған жүкті жеткізудегі жаңа логистикалық схемалар да ықпал етпек. Бүгінде біз Қазақстан бойынша жұмыс істеудеміз. Ең үлкен астық өнімі бізде. Біз оны Парсы шығанағы елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз. Қазір келіссөздер жүргізілуде, Әзірбайжан және Грузия темір жолдарының өкілдерімен мөлшерлемелер келісіп шешілуде, жүк тарифтері туралы келісімдер жасалуда. Нәтижесі де жоқ емес. Бізге жеңілдіктер, баға түсірілімі беріліп отыр, – деп мәлімдеді «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясының өкілі Ануар Хамитов. Кездесу қорытындысы, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия теміржолшылары мен отандық жүк жөнелтушілер арасында орнатылған тікелей байланыстар тасымалды қамтамасыз ету барысында туындаған мәселелерді шұғыл және тиімді шешуге мүмкіндік беретінін айқын байқатты.

Әйгерім БАҚЫШЕВА

 
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды