Арыста қозғалыс ашылды

Жаңалықтар
27.06.2019, 20:52
Оқуға 2 мин

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты уақытша жабылған Арыс станциясында бас жолдар қозғалыс үшін ашылды. Сарыағаш, Шымкент және Түркістан бағыттары бойынша жүк және жолаушы пойыздарын қабылдау және жөнелту жүргізіле бастады. 

Оқиға орын алған жерде кешеден бері жұмыс істеген жергілікті теміржолшылар, Шымкент магистральдық желі дирекциясының басшылығымен жол дистанциясы, байланыс және белгі беру, электрмен жабдықтау дистанциясының жұмысшылары тәулік бойы станция жолдарының қираған-бүлінген жерлерін жөндеп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқ-дәріден тазартылып, тексеріліп, байланыс желісіне кернеу берілген соң Арыс-Талдықұдық – жұп жолында , ШағырТалдықұдық – тақ жолында, Қалаш-Арыс-2 – жұп және тақ жолдарында, Ақдала-Арыс-2 – жұп жолында пойыздар қатынасы үшін қозғалыс ашылды.

Арыс станциясы тек басты жолдармен жүру үшін ашық. Сұрыптау және қабылдап-жөнелту жолдары қозғалыс үшін әлі жабық. Оқиға орнында қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрген жергілікті теміржолшылар жұмысын басшылық жасап жүрген Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Марат Оңаловпен телефонмен тілдесіп, қосымша ақпарат алуға тырыстық. Арыс станциясы арқылы қозғалыс қалпына келтіріліп, қазірше бас жолдармен пойыздар жіберіле бастағанын растаған ол инфрақұрылымның едәуір бөлігі зақымданғанын жоққа шығармады.

«Дегенмен, Арыстағы жол дистанциясы, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанцияларының тәжірибелі теміржолшы мамандарының күшімен аз уақытта барлық ақауды жойып, жолды толықтай қалпына келтіруге қол жеткіздік. Рахмет жігіттерге!», – деді Марат Әденұлы.

26 маусымнан 27 маусымға қараған түнінің өзінде Арыс станциясы бойынша 23 пойыз өткізілді, оның ішінде 7 жолаушы, 8 контейнерлік, 8 жүк пойызы бар. Қазіргі уақытта пойыздарды кестеге енгізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды