Вокзал аумағы кеңейтілмек
Маңғышлақ станциясы, яғни Маңғыстау ауылының биылғы 50 жылдығына орай станцияның вокзал аумағын үлкейту жобасы жасалды. Бүгінде 250-300 көлікке арналған қосымша тұрақтың құрылысы жүруде. Ол биыл қыркүйектің аяғына дейін дайын болады.
Қазыналы түбектің «қара алтыны» игерілуіне байланысты өңірге теңіз бен түзді байланыстыратын темір жолының келуімен бой көтере бастаған бастапқы ғимараттардың бірі – вокзал үйі. Сол жылдардағы қажеттілікке шақтап салынған нысан кейіннен кеңейтіліп, қазіргі екі жағындағы «қос қанаты» қосылған болатын. Бірақ ғимараттың алдындағы автотұрақ жолаушыларды шығарып салып, күтіп алушы көліктерге тарлық қылатын. Соның салдарынан вокзалдың алдындағы жолда кептеліс қалыптасып, «темір тұлпарлардың» кіріп-шығуы қиындай түсетін.
Аталған мәселе биыл станцияның 50 жылдық мерейтойы қарсаңында өз шешімін таппақ. Осы жөнінде темір жол вокзалы орналасқан аудан – Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев: «Облыс орталығына темір жол арқылы кіретін жалғыз қақпа осы елді мекенде орналасқандықтан мерейтой аясында қолға алынып жатқан іс-шаралардың ішінде темір жол вокзалының аумағын кеңейту жұмысы да бар. Нысан бұдан біраз жыл бұрын салынғандықтан вокзалға келетін көліктер автотұраққа сыймай, кейбір жүргізушілер «темір тұлпарларын» көпқабатты үйлердің маңына қалдыруға мәжбүр болатын. Содан соң вокзалдың алдына көлік кірмейтіндей қылып, басқа да жоспарларымызбен темір жол жолаушыларының жүріп-тұруына оңтайлы жағдай жасамақпыз. Сонымен қатар жолаушылардың деген жеріне кідіріссіз жетуі үшін өткен тамыз айының соңында ауылдағы темір жол өткелі жанынан айналма жол салып, қолданысқа бердік», – дейді.
Бұл жұмыстар «Маңғыстау ауылындағы темір жол вокзалы маңын абаттандыру және автокөлік тұрағын кеңейту, айналма жол салу» жобасына бөлінген қаражат негізінде жүзеге асуда. Маңғыстау вокзалының бастығы Людмила Нұрмамедованың айтуынша, вокзалмен күніне орта есеппен 1800-1900-ға жуық адам діттеген жеріне жол алады. Жолаушылардың жүру белсенділігі негізінен мамыр-қыркүйек айлары аралығында байқалады. Оларға вокзал аумағында жолаушылар тасымалының үш, жеке кәсіпкерлердің төрт кассасы қызмет көрсетеді.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды