Динар МЕЙІРМАН
Атыраулықтар алда
Оқуға 1 мин
Өткен жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өнертапқыштық жұмыстың арқасында 82,6 миллион теңгенің экономикалық тиімділігіне қол жеткізген. Ал биылғы бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 75,6 млн.теңгені құрап отыр.
Алты айдағы жетістіктің 206 мың теңгесі ғана шымкенттіктер еншісінде екен. Ғылыми-техникалық ақпараттандыру және талдау орталығы бастығының орынбасары Жанар Ораздың айтуынша, бұл салада атыраулықтар алда екен. «Microsoft Lyhc» бағдарламасы арқылы қала аралық сөйлесуді тиімді ұйымдастырғаны үшін 3 707 мың теңгенің экономикалық тиімділігіне қол жеткізіліп, авторға 350 мың теңге сыйақы берілген. Шу машиналандырылған жол дистанциясының еңбеккері экономикаға 1 321 мың теңге пайда келтіріп, нәтижесінде шығармашылық иесі 159 мың теңге сыйақы алған. Ал Матай локомотив пайдалану депосының маманы өндіріске 1 202 мың теңгенің тиімділігін ұсыныпты, оның еңбегі 47 мың теңгеге бағаланған. Қандыағаштық локомотившілер де тура осындай жетістікке жетіпті. Өткен жылы авторлық сыйақы мөлшері компания бойынша 35,3 млн теңге болса, биылдың алты айында 14,239 млн.теңгені құраған. 2015 жылы осы саладағы барлық деңгейдегі байқауларға қатысушылардың сыйақысы 2,070 млн теңгені төңіректеген.