Жаңа-Семейде қызу жұмыс

Жаңалықтар
24.10.2017, 10:28
Күздің қоңырсалқын ауа райы басталысымен Жаңа-Семей жол дистанциясының жолшылары жол сауықтыру  бойынша қарқынды жұмысқа көшті. Ел Шығысы бойынша ең күрделі телім саналатын бұл тарапта екшеп айтуға тұрарлық жетістіктер жетерлік. Жалпы, ПЧ-40 – Жаңа-Семей жол дистанциясының жұмысы ауқымды. 239,3 км бас жолы бар, станциялық және қосымша қабылдап шығаратын жолдар көлемі 103,1 км құрайды. Байырғы Түрксіб желісі бойындағы 20 станция мен разъездер, оның ішінде жүк түсіріп-тиейтін Жаңа-Семей, Суық-Бұлақ, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма сынды ірі өндірістік станциялар да осы телімнің құрамында. Жаңа-Семей дистанциясы қарамағындағы желі бір бағытты, сондықтан да мұндағы жол шаруашылығындағы жұмыстар өзге телімдерге қарағанда біршама күрделі. Қос тараптан да Тальго пойызы сағатына 90-120 км жүйткиді. Жүк тасымалы да жыл бойы қарқынды. Сол себептен де жылжымалы құрам қозғалысына кедергі туындамауы үшін мейлінше уақыт ұту қажет. Десек те, биылғы жылғы жоспарлы шаралар көзделген мерзімінде орындалуда. Атап айтсақ, орташа жөндеу жұмыстары 100 пайыз атқарылған. Ал ескірген рельстерді ауыстыру жұмысы жылдық жоспар бойынша 7,1 км болатын. Қазіргі күні оның 6,5 км толық жаңартылды. Қалғаны қараша айында тәмамдалмақ. Сонымен бірге, жүзеге асырылуы тиіс жұмыстар қатарында 5 темір-бетонды бағыттамалы бұрмалар төселмек. Жолшылар тек жеткізілуін күтіп отыр. Қыс мезгілінде дистанция қарамағындағы телімдер бойынша қармен күрес жұмыстары өте қауырт өтеді. Бұл бағыттағы биылғы шаралар тыңғылықты жүзеге асырылуда. Желі бойындағы станцияларда қар тазалағыш техникалардан 7 бірлік бар. СДПМ мен СМ техникасының қос бірлігі ағымдық жөндеуден өткізіліп, тексеріліп, алдағы қысқы жұмыстарға даяр тұр. Сондай-ақ, қары қалың түсіп, жиі бұрқасындататын телім бойындағы шағын станцияларда биіктігі үш метр болатын, жалпы ұзындығы 6 км ағаш қоршаулар жөнделініпті.   Қысқа даярлық жұмыстары қазіргі уақытта толық тәмамдалды. Жаңа-Семей – Шар - Жарма телімдері аралығында ПЧ-40 мекемесіне қарасты 110 нысан бар. Ондағы жұмыстар жоспарға сай, көзделген меже бойынша жүргізілді. – Жол күтімі кезек күттірмейді, жоспардан кешігуге тағы болмайды. Қазіргі күні №7 жол айрығы мен суырлы станциясы аралығында «Шар ПМС» мердігер мекемесінің көмегімен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Жоспарланған 21,8 шақырымның 11,8 км еңсерілді. Алдағы қараша айында толықтай аяқтауды көздеп отырмыз. Әзірге ауа райы да бізге қарасып тұр, – дейді дистанция басшысы   Мұрат Мамырбаев.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды