Өтпедегі апаттың алдын алды

Жаңалықтар
13.12.2019, 08:31
Оқуға 2 мин

Өткел кезекшісі өткелде пойыз бен автокөліктің соқтығысуына жол бермей, тағы бір апаттың алдын алды. Оқиға Қарағанды мен Нұр-Сұлтан аралығындағы күзетілетін теміржол өтпесінде 11 желтоқсан күні 10 сағат 43 минутта орын алған.

Қарағандылық локомотив машинистері Вячеслав Козлов пен оның көмекшісі Мейрам Оханов кестеге сәйкес Алматы – Петропавл қатынасындағы №15 жолаушылар пойызын жүргізіп келе жатқан. Өтпе кезекшісі Болат Бекбергенов кенеттен дабылының түймешесін ағытып, машинистерге алдағы қауіп-қатерді ескертеді. Құрам өтпеден 200 метр қашықтықта жол үстінде жүк көлігінің кесе-көлденең тұрғанын көріп шұғыл тежегішті басып, автокөлікке жетер-жетпес пойызды зорға тоқтатып үлгереді. Абырой болғанда, қақтығыс орын алмады.

Белгілі болғандай, жүк көлігі өткел кезекшісінің ескертуін көзге ілмей темір жолдан өте шықпақ болған. Бірақ, қос рельсті жол үстіне шыққан соң техникалық ақауға орай кенеттен тұрып қалған. Өтпе бойынша кезекші оны көріп жалмажан келе жатқан пойызды тоқтатуға ұмтылған. Өткел кезекшісінің уақыт ұттырмай дер кезінде хабарлауымен Қарағанды локомотив пайдалану депосының локомотив бригадасы – машинист Вячеслав Козлов пен оның көмекшісі Мейрам Охановтың үйлесімді жұмысының арқасында пойыздың автомобильмен соқтығысуының алды алынды. Нәтижесінде пойыздың кешігуі екі сағатқа созылды. Ең бастысы бәрі аман.

Еске сала кетсек, 2019 жылы теміржол өтпелерінде 30 жолкөлік оқиғасы тіркелген. Олардың бәрінің бірден бір себебі – автокөлік жүргізушілерінің жол жүру ережесін өрескел бұзуынан болып отыр. Сондықтан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүргізушілерді теміржол өтпелерінен өту ережелерін сақтауға және мұқият болуға шақырады. 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?