Сала қызметінің сапасын арттыруды тапсырды

Жаңалықтар
27.02.2020, 18:13
Оқуға 2 мин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, – деп хабарлайды «Ақорда» сайты.

Президенттің ұлттық компания басшысын алғашқы қабылдауы емес, өткен жылы бірнеше рет қабылдау өткізіп, нақты тапсырмалар жүктегені туралы жазғанбыз. Мемлекет басшысының ҚТЖ жұмысын жіті қадағалап, назарда ұстап отырғанын осыдан-ақ бағамдауға болады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының 2019 жылғы жұмысының қорытындылары және теміржол саласын дамыту перспективалары жайында баяндалды. Сауат Мыңбаев Қазақстан Президентіне компания жұмысына қатысты кейбір заңнамалық және реттеу аспектілеріне қатысты мәлімет берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауат Мыңбаевқа жүк тасымалының көлемін ұлғайту, контейнерлік транзит, отандық тауарлардың үлесін көбейту және жолаушылар тасымалының

сапасын арттыру секілді бірқатар нақты тапсырма берді. Еске сала кетсек, ағымдағы айда «ҚТЖ» ҰК» АҚның өткен жыл жұмысын қорытындылаған және биылғы жылға жоспарлаған мақсат-міндеттері талқыланған кеңейтілген жиыны болып өткен еді. Осы жылы компания алдына тарифтік жүк айналымының көлемін 226,4 млрд.ткм неттодан төмен емес, яғни өткен жылғы көлемнен 1% артық орындау міндетін алға қойып отыр. Бұл тапсырманы жүк тиеу көлемін арттыру есебінен орындау межеленуде. Сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткішті жақсарту, яғни тартымдық жылжымалы құрамды тиімді пайдалану жұмыстарын жалғастыру көзделіп отыр.

Қытай – Еуропа – Қытай бағыттарында контейнерлік пойыздардың бағдарлық жылдамдығын 1150 км/тәулікке дейін жеткізу шаралары да қарастырылып отыр. Сонымен қатар еңбек өнімділігін арттыру және компанияның даму мен оңтайландыру саясатын жүзеге асыру мақсатында «Цифрлы трансформация» бағдарламасының жоспарларын іске асыру жалғаспақ. Теміржол инфрақұрылымын дамыту бағытында биыл 495 км жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, жылдық жоспардың 68 пайызы транзиттік пойыздар жүретін жолдардың техникалық жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.

Сурет Аkorda.kz сайтынан алынды

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды