Басты назарда - қайта құру және құрылымдау

Жаңалықтар
23.07.2020, 20:33
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бүгінгі таңдағы жалпы трансформациялау жобасы екі кезеңге бөлінген. Біріншісі – жаңа пойыздар алу бойынша бизнесті дамыту стратегиясын жасап шығару, жабдықтарды жаңғырту және қолданыстағы паркке қызмет көрсетіп, билет сатылымын жүзеге асыру. Екіншісі – компания қызметіндегі күнделікті стратегияны жүзеге асырып, өзгерістерді тиімді басқару мақсатында тиімділік мониторингін жүргізу.

Бұл туралы TLK жаңа санында Deutsche Bahn AG-ның неміс экономикасы Шығыс Президиумының мүшесі, Герман-Қазақстан Экономикалық кеңесінің тең төрағасы Нико Варбанофф мәлімет бергені жазылуда. Дәл осы DB еншілес ұйымы мен ҚТЖ арасында «Қазақстанның темір жолдарына қызмет көрсету сапасын арттыру және тиімділікті тұрақтандыру бойынша келісімшартқа» қол қойылған еді.

– Бүгінгі таңда негізгі басымдық қазақстандық жолаушылар көлігін қайта құру тұрақтылығы және қайта құрылымдауға берілуде. Қазақстандық әріптестерімізбен бірге біз ынтымақтастықты ұдайы бағалап отырамыз және бұл мәселеге аса салмақты қараймыз. Кейбір тұста жақсы нәтижеге жетіп жатсақ, кей тұстарда әлі де жетілдіретін мәселелер бар. Оң нәтижелі жұмыстарды атасақ, алдағы бірнеше жылға жылжымалы құрам қажеттілігін бағалауды сәтті аяқтағанымыз болды. Бұл ретте біз жаңа сатып алуларды алдағы ұзақ мерзімді перспективада бірнеше млн доллар сомаға үнемдей алатындай оңтайландыра алғанымызды айта кетуге болады, – дейді Нико Варбанофф.

Сонымен қатар ол коронавирус пандемиясы да барлық қоғаммен бірге оларды да үлкен сын-қатердің алдына қойғанын айтады. Әсіресе, қазақстандық жолаушылар көлігі саласында осы дағдарысқа байланысты ауыр кезеңдерді өткеруге тура келді.

Себебі алғашқы карантин шаралары кезінде қозғалыс толығымен тоқтап қалды. Қазір ол жартылай қайта іске қосылуда. Сонымен қатар халықаралық қатынастың да шектелуі өзара ынтымақтастықтағы ортақ жұмыстардың дамуына кедергі келтірді.

– Біздің команданың өзегі, әсіресе ҚТЖ басшылығындағы Deutsche Bahn өкілдері үнемі Нұр-Сұлтан қаласында қалып, Германиядағы әріптестерден қашықтықтағы жұмыс түрінде ғана қолдау көрді. Екі ел арасындағы елшіліктің, ҚТЖ компаниясының және түрлі министрліктердің қолдауының арқасында қызметкерлердің бірінші тобы команданы жергілікті күшейту үшін арнайы берілген рұқсат бойынша Қазақстанға қайтуға мүмкіндік алды. Енді біз жаңа күшпен өзара ынтымақтастықтағы тығыз қарымқатынасты одан әрі жалғастыра береміз деп сенемін, – дейді тең төраға.   

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды