Жолаушылар тасымалы: ұтымды ұсыныс, ұтқыр идея

Жаңалықтар
29.10.2020, 21:08
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қоғамның өңірлік филиалдары мен еншілес ұйымдары және Орталық аппаратындағы басшылар топменеджментіне арналған семинар өткізді. Семинар мақсаты – компания көрсететін сервис сапасын жақсарту үшін озық білім мен тәжірибелерді енгізу, сенім мәдениетінің артуына ықпал ету.  

Семинар үш тақырыпты қамтыды: өндірістік мәселелер, сервис және ІТ, сонымен қатар маркетинг және сату. «Жолаушы тасымалы» мен «Вагонсервис» және «Қала маңы тасымалы» АҚ-да қызмет ететін басшылық құрам теориялық бөлімінде презентация жасаса, практикалық бөлімде тәжірибеге негізделген тапсырмалар орындады. 

Олар сапаны басқаруды жоспарлау, сапалы қызметпен қамтамасыз ету, клиентке бағдарлану мәселелері бойынша өз ойлары мен идеяларын, ұсыныстарын ортаға салды және сол идеяларын жеке-жеке қорғап шықты. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығында өткен семинарға «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Питер Штурм да бастанаяқ қатысып, түрлі ұсыныстар мен идеяларға құлақ түрді, сонымен қатар барлық тақырыптарға талдау жүргізді. Бас директор барлық айтылған ұтымды ұсыныстар назарға алынып, қоғам жұмысын жандандыруға ықпал ететін идеялар жоспарға енгізілетінін жеткізді. 

Осындай кездесулер – Deutsche Bahn AG компаниясының қазақстандық әріптестермен тек техникалық құжаттамалық сараптама жүргізу бойынша өзінің көзқарасымен ғана емес, сонымен қатар HR, бизнес-үдерістер және менеджмент саласындағы жинақталған білім, тәжірибесімен де бөлісетіндігінің айғағы. Атап өтерлік жайт, осыған балама жиындар өткен жылы Кортюм мырзаның кезінде де бастама етіп көтерілді және Штурм мырза тарапынан биыл қолдау тауып, бұл ішкі коммуникацияның маңызды шарасына айналды. Штурм бұдан бөлек те жыл соңына дейін Қазақстан бойынша өңірлердегі өзге де әріптестерімен бірнеше кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 

– Мен бүгін осы семинарда сіздердің тараптарыңыздан компания жұмысын алға бастыруға қатысты өте мықты ұсыныстар мен идеяларды естіп, ерекше шабыттанып тұрмын. Біздің компания өте білікті мамандардан, басшылардан құралғанына тағы бір көз жеткіздік. Біз үшін ең басты міндет – ұлы мәртебелі Жолаушылардың көңілін табу, – деді Штурм. 

Семинарға қатысушы топтардың бірі сервиске қоса техникалық қызмет көрсету сапасы, баға саясаты, тарифтердің қолайлы болуы, бір терезе жүйесі, жолаушылар үшін бейілділік бағдарламасы, Тальго пойыздары бойынша техникалық тексеруді нақты жүргізу бойынша төлем төлеу, техникалық тексеру жүргізу үшін төбесі жабық ангарлар ашу мәселесін көтерді. Тағы бір топ клиентке бағдарлану, мақсатты индикаторлар, жолаушылардың көңіл толушылығы, тиімділікті арттыру, компания имиджін көтеру тақырыптарын қозғады. Ал соңғы топ корпоративтік құндылықтар, маркетинг, өндіріс, сервис бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пойыздар сапасы, қозғалыс кестесі, экипировка және тағы басқа мәселелерді көтеріп, аталған тақырыптар бойынша оң нәтижеге жету жолдарын көрсетті. 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды