Аягөз – локомотившілер ұстаханасы
Аягөз локомотив пайдалану депосында өткен салтанатты жиын өтті. Онда арнайы жұмыс сапарымен келген президенттің оңтүстік өңір бойынша өкілі Талғат Әбенов заманында локомотившілер ұстаханасы атанған аягөздік қос машинисті «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісімен марапаттады.
Аталмыш басқосу беташарын депо директоры Айдын Бланов алғысөзбен ашып, машинистер ұжымында бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, өз қызметінің үздіктері атанған тепловоз машинистері Данабек Әбдікәрімов пен Саят Кшановтардың жетістігін сөз етіп, ұжым атынан мәртебелі атақтарымен құттықтады.
Сондай-ақ, Семей локомотив депосында да осындай салтанатты басқосу өтіп, алқалы жиында депо директоры Дәулет Ыдырысов еңбек жетістіктеріне тоқталып, «Машинист жылының» қорытындысын жасады. Келесі сөз кезегін алған Талғат Әбенов машинист мамандығының қыр-сырына тоқталды.
Машинист – әу бастан мәртебелі мамандық. Бұл қызмет иелерінің ұшақты сынақтан өткізуші ұшқыштарға теңелетіні бекер емес. Себебі, жауапкершілік аса жоғары. Соған сай мақтау да лайық. Кейде сөз естіп жататынымыз да жасырын емес. Сондай-ақ, машинистеріміздің ерлік істер жасайтын кездері де аз болмайды. Оған мысал көп. Жалпы, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтауда соңғы нүктені локомотив машинисі қояды. Бұл ретте локомотив бригадаларын «теміржолдың көзі мен құлағы» деп бекерге атамайды. Ал осынау ауыртпашылығы мол қызмет иелерінің еңбегін бағалау, үлгі ету мақсатында ағымдағы жыл «Машинист жылы» деп аталды. Осы ретте локомотившілер үшін Құрметті теміржолшы атағына пара-пар «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісі тек өз мамандығын шексіз сүйетін, қызметіне адал қызметкерлерге ғана табыс етіледі, – деп атап өткен мейман қос бірдей семейлік машинисті барша әріптестерінің алдында салтанатты түрде құрметті атақпен марапаттады.
Адал еңбегі, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтудағы зор жетістігі және осынау жылдар бойғы локомотив шаруашылығына қосқан елеулі үлесі үшін ТЧЭ-24 мекемесінің машинисі Зейнолла Калинкин мен Марат Макремов «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісі мен куәлігін иеленді. Сонымен қатар, барлық мерейлі марапат иелеріне 15 АЕК көлеміндегі сыйақы берілді. Зейнолла Қапарұлы темір жолға 1988 жылы келіпті. Содан бері локомотив шаруашылығында табан аудармастан еңбек етіп келеді. Ал Аягөз қаласының тумасы 3-ші класты машинист Марат Тоқтарұлының қызмет етіп жүргеніне 20 жылға жуықтап қалыпты.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр