Ақтөбе рельс-арқалық зауыты өнімдерін Өзбекстанға нарығына шығаруға мүдделі

Жаңалықтар
17.08.2021, 09:32
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өткен айда Ташкент қаласында өткен экономикалық миссияға қатысты. Онда «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыстар. Қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыптары талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Іс-шара қазақстандық экспортты қолдау QazTrade операторы мен Өзбекстанның Экспортты ілгерілету агенттігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстаннан Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан басқа 50-ден астам компания қатысты.

«Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Нәтижесінде, компаниялар арасында тікелей байланыс орнату, өзбек компанияларымен сауда қатынастарын жандандыру, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту мәселелері жолға қойылды. Келіссөздер Өзбекстан кәсіпкерлерімен B2B кездесулері арқылы жүргізілді», – деп хабарлайды «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Зауыт Қазақстанның заманауи экономикасын қалыптастыруда елеулі рөлге ие. Республиканың орасан зор аумағын, көптеген өндіріс салаларындағы ауқымды жүк көлемдерін ескерсек, көліктің бұл түрі мемлекеттігіміздің негізгі тұғыры, оның бір өзі еліміздің өндірістік күшін тұтастай біріктіріп тұр. Алпауыт компания 2016 жылы пайдалануға берілді. Жылына 430 мың тонна өнім беретін Ақтөбе облысындағы рельс-арқалық зауытының Қазақстанда баламасы жоқ. Әлемде «МЕЧЕЛ» және «ЕВРАЗ» секілді ірі металл өндіретін алпауыт компаниялармен бәсекелес түрде рельс шығарып отырған кәсіпорынның өнімдері жоғары сапаға ие. Өндіріс ошағының жобалық қуаттылығы жылына 430 мың тонна. Отандық өнімді Қазақстан темір жолы тұрақты пайдаланып келеді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады