«Жолаушылар тасымалының 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары марапатталды

Жолаушылар тасымалы
19.11.2021, 08:57
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ғимарат залында «Жолаушылар тасымалының 100 жас есімі» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл жобаның мақсаты – компанияның жас қызметкерлерінің үлгісінде әдептілік, меритократия, кәсібилік және белсенді ниеттестік идеяларын ілгерілету. Нақтырақ айтсақ, мамандардың кадрлық құрамын одан әрі нығайтуға, болашақ басшылар резервін қалыптастырудың жаңа мәдениетін енгізуге, компания мен қоғамды трансформациялауды дамыту үшін өзгерістер агенттерін анықтауға бағытталған. Шарада сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының HR және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Кеулімжаев:

– Жолаушылар шаруашылығының болашағынан үлкен үміт күттіретін үздік жастарын құттықтаймын! 100 жас есім пулына кірген жастар корпоративтік мәдениетті өзгерту және трансформациялау агенттері болады. Оқу кезінде алған дағдыларыңыз компания игілігі үшін жұмыста қолданылуы керек. Бүгін сіздерге құрмет көрсету Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында өтуінің де символдық мәні бар, – деп атап өтті.

Әрі қарай жобаның «Инновация» бағыты бойынша топ жарған 17 қатысушысын, «Әлеуметтік жауапкершілік» бағыты бойынша үздіктер қатарынан көрінген 45 және «Кәсібилік» бағыты бойынша жүзден жүйрік шыққан 38 жеңімпазын Ұлттық компания және «Жолаушылар тасымалы» АҚ топ-менеджерлері значоктармен марапаттады. «Ұлттық компанияда жыл сайын Жастар саясаты шеңберінде әртүрлі іс-шаралар, байқаулар өтіп тұрады. Соның бірі – «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» байқауы. Өткен жылы осы жобаның жеңімпаздарын оқытудың 4-ші модулінің жабылуы барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Н.Сауранбаев эстафетаны «Жолаушылар тасымалы» компаниясына беріп, «Жолаушылар тасымалының 100 жас есімі» жобасын жүзге асыруды тапсырды. Байқау бес кезеңнен тұрды. Бірінші кезең өтінімдерді жинаудан басталды. Бұл жобаға қатысушыларды ұжымдары, жетекшілері, әріптестері ұсынды, сондай-ақ, өзін-өзі ұсынушылар да болды. Өтінім қабылдауда шектеу қойылған жоқ. Барлығы 18-ден 35 жасқа дейінгі 300-ден астам жас қызметкер Инновация, Кәсібилік, Әлеуметтік жауапкершілік бағыттары бойынша қатысты. Екінші кезеңде байқауға қатысушылар өздерін жан-жақты танытатын бейнероликтер дайындады. Міне, осы кезеңде үздік бейнепрезентациялар іріктелді. Бұдан кейін қатысушылар тестілеуден өтіп, кәсіби қызметтеріне, ҚТЖ ережелері, нұсқаулар, ҚР заңнамаларына қатысты сұрақтарға жауап берді. Одан әрі қарай үміткерлермен ҚТЖ-ның ішкі жаттықтырушылары жоғарыда атап өткен үш бағыт бойынша жеке-жеке сұхбат жүргізді. Ең соңғы турда қатысушылар сараптамалық іріктеуден өтті. Нәтижесінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «100 жас есімі» тізіміне енген жеңімпаздар анықталып отыр», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Персоналды басқару департаментінің директоры Майра Ермаханбетова. Оның айтуынша, байқау жеңімпаздарының жұмысы осымен аяқталмақ емес. Оларды әрі қарай жетілдіру жұмыстары жалғаспақ. Біріншіден, 100 жастың әрқайсысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ топ-менеджерлеріне бекітілмек. Оларға басшылықпен «галстуксыз» кездесулерге қатысып, өз ойларын батыл, ашық, еркін жеткізу, алдағы жоспарларымен бөлісу мүмкіндігі берілмек. Бұдан кейін байқау жеңімпаздары кестеге сай өздері таңдаған бағыт бойынша оқудан өтетін болады. Яғни, бұл іс-шаралардың барлығы жастардың мансаптық сатыда өсуіне, өздерін жан-жақты танытуына, «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясын трансформациялауда оң бетбұрыстар жасауына беріліп отырған мүмкіндіктер легі болмақ.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды