Биыл Алакөлге баратын пойыздар жаңартылды

Жолаушылар тасымалы
09.09.2022, 09:51
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы жылдары Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қала маңы тасымалына ерекше көңіл бөлінуде. Оған аймақ тұрғындарының сұранысы мен облыс әкімдігінің жыл сайынғы тапсырысы да себеп болып отыр.

Ел шығысындағы теміржолшылар жыл сайын туристік маусымға орай қатынайтын Семей-Достық және Өскемен-Достық жолаушылар пойызының биылғы қозғалысын ойдағыдай қорытындылады. Ойдағыдай болатын себебі, аталған бағыттар қозғалысы бойынша биыл жетістік көп.  

– Бұрындары Алакөлге қатынайтын жолаушылар шипалы көлге жақын Жалаңашкөл станциясына жету үшін жаздың аптап ыстығында біршама машақатқа түсетін. Жолаушы тасымалдайтын жекеменшік компания ескірген әрі қолайлы жағдай жасалмаған вагондарды пайдаланатындықтан шағым көп болатын. Ал, биыл ұлттық компанияның, жолаушылар тасымалының ықпалымен купелі вагондар беріліп, жылжымалы құрам біршама жаңартылды. Сондықтан болар, әлеуметтік желілерде сын айтушылар да әлдеқайда азайды, – дейді Семей вокзалының бастығы Есет Қажығұлов.  

Мәселен, №457,458 Семей-Достық пойызы қайта жаңарып, жолаушылар үшін тұрмыстық қажеттіліктердің барлығы әзірленген. Семей және Өскемен-1 станцияларынан жазғы кезеңде облыстық бюджеттен субсидияланатын, араға бір күн салып қатынайтын екі пойыз, тиісінше 416 және 364 орындық 8 және 7 вагон тұрақты қызмет көрсетті. Бұған дейін мұнда 260 орындық бес вагон болған еді. «Қала маңы тасымалдары» АҚ-мен жүргізілген келіссөздерден кейін вагон санын 15-ке дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізіліпті. Ал, мәселен, бір ғана Семей вокзалындағы жолаушылар нөпірі тәулігіне 1500 адамды құрапты.  

Сонымен қатар, жолаушы нөпірін барынша азайту мақсатында № 6941/6942 «Ақтоғай-Достық» бағытындағы пойыз күн сайын қатынап тұрды. Жалпы, ел көлемінде барлығы 11 пойыз жолаушыларды демалыс аймағына тасымалдады.  

Айта кетерлігі, биыл Алакөлге қатынайтын жолаушылар саны да мол болған. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларын қоса алғанда айдынды көлге жалпы саны 400 мыңға жуық турист барған. Бұл көрсеткішті осыған дейін «KazakhTourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеген болатын.  

Ал, жергілікті атқарушы органдардың мониторингіне сәйкес, бір күндік туристерді қоса алғанда былтыр мұнда шамамен 350 мың адам жолаушылар пойызымен жетіп, демалысын өткізген. Бір қызығы, жолаушылар билетінің құны алдыңғы 2020 жылғы деңгейде, яғни плацкарт вагонға 3780 теңге көлемінде сақталды. Бұл да туристердің ризашылығын туғызғаны анық.  

Семей вокзалы қызметкерлерінің айтуынша, демалысын ерте жоспарлаған азаматтар пойыз билеттерін 1-2 ай бұрын сатып алған. Соның нәтижесінде әсіресе жазғы маусымда билет тапшылығы сезілген. Оған бір себеп, Үржар және Үшарал әуежайларының жөндеуге жабылуы және республикалық Аягөз-Бақты тас жолының 92-ші шақырымына дейінгі күрделі жөндеуден өткізілуі болыпты.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды