Жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу бойынша тиісті шаралар қабылдануда

2025 жылдан бастап 537 бірлік көлемінде Stadler вагондарын жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Көлік комитеті төрағасының орынбасары Нүркенов Қайриден «Ашық сағат алаңында» айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі «Ашық сағат алаңына» жолаушылар тасымалы өкілдері, операторлар және вагон өндірушілері жолаушылар вагондарын жаңарту әрі теміржол кластерін құру мәселесін талқылады. Комитет төрағасының орынбасары жолаушылар вагондарының техникалық жағдайына назар аударды.

«Бүгінгі таңда жаңа вагондар сатып алу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Биыл 62 «Тальго» вагоны сатып алынды. Жылдың соңына дейін тағы 11 вагон жеткізіледі деп күтілуде. 2025 жылдан бастап 537 бірлік көлемінде Stadler вагондарын жеткізу жоспарлануда», – деді Қ.Нұркенов.

Айта кетерлігі, бүгінде жолаушылар вагондарының жалпы паркі 2600-ден астам бірлікті құрайды. Субсидиялау шарты негізінде вагондар паркін 10 жыл ішінде кемінде 15%-ға жаңарту көзделген. Өз кезегінде Комитет төрағасының орынбасары жаңарту үлесін 25 пайызға дейін арттыру қажеттігін атап өтті.

 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді