Қазан айында теміржол жұмысының аса маңызды көрсеткіші болып табылатын вагон айналымы (жылдамдығы) 2022 жылғы қазанға қарағанда 23,6%-ға және осы жылғы қыркүйектегі көрсеткішке 4,5%-ға жақсарды.
Іс жүзінде ол 6,4 тәулікті құрады. Вагон айналымы – тиеудің басталуынан келесі тиеудің басына дейінгі орташа уақыт. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым аз вагон паркімен жүктің берілген көлемін орындауға болады.
Сондай-ақ, қазан айында жүк вагонының өнімділігі өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 23,6% және өткен айға қарағанда 7,3% өсті. Бір жұмыс паркі вагонының өнімділігі 8572 т-км нетто болды.